Бс, 08/27/2020 - 09:38
Жаңалықтар

Бүгін Қазақ ұлттық аграрлық университеті жанындағы Оқу-әдістеме бірлестігі – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім білім берудің «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» салалары бойынша маман дайындау Жобаларды басқару тобы «Жоғары оқу орнының академиялық саясатын жүзеге асырудағы инновациялық тәсілдер» тақырыбында халықаралық online конференция өткізді.

Тікелей эфирде өткен конференцияны Қазақ ұлттық аграрлық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры, ҚР ҰҒА Вице-президенті, ТМД жетекші аграрлық ЖОО ректорлары кеңесінің төрағасы, Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің Оқу-әдістеме бірлестігі – Жобаларды басқару тобының төрағасы, академик Есполов Тілектес Исабайұлы ашып, жүргізіп отырды.

Халықаралық конференция жұмысына ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, ҚР Білім және ғылым министрлігі, «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, ТМД елдерінің 18 жетекші аграрлық жоғары оқу орындары басшылары, АҚШ, Еуропа, Азия және Тынық мұхиты елдерінің, жақын шет елдердің белді университеттері мен ғылыми орталықтарының ғалымдары, сондай-ақ, Қазақстанның 3 жетекші аграрлық жоғары оқу орындарының және Республикалық Оқу әдістемелік бірлестік – Жобаларды басқару тобына мүше 20 жоғары оқу орындарының ректорлары мен проректорлары қатысып, тақырыпқа орай ой-пікір бөлісіп, тәжірибе алмасты.

1

Конференция жұмысына арнайы қатысып, тікелей қосылған ҚР Ауыл шаруашылығы Вице-министрі Исаева Гүлмира Сұлтанбайқызы бүгінгі таңда отандық агроөнеркәсіптік кешені мен аграрлық білім, ғылым саласындағы пандемия кезеңіндегі жаңа талаптар мен инновациялық бағыттар барысын баяндай келе, Қазақ ұлттық аграрлық университетінде іске асырылып отырған жаңа академиялық саясат пен ғылыми жобалардың тиімділігін ерекше атап өтті.

Конференция барысында сарапшылар өз елдеріндегі жоғары оқу орнының академиялық саясатын жүзеге асырудағы жаңа оқу жылының ерекшелігін, инновациялық тәсілдерін, АӨК үшін білікті мамандарды дайындаудағы бірлескен жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеу, жаңа жағдайда білімгерлерге сабақ беруде қашықтық технологияларын қолдану әдістерін жетілдіру, қашықтан оқыту бойынша жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары туралы баяндап, ортақ мәселелерді талқылады.

Университет басшысы Тілектес Исабайұлы жаңа оқу жылы қарсаңында оқу орнының жаңа академиялық күнтізбесінің уақыт талабына сай қайта қарастырылғанын айтып өтті. Оған сәйкес бірінші жартыжылдықта барлық мамандықтардың 1 курс студенттері 1-26 қыркүйек аралығында күндізгі бөлімде төрт апталық бағдарлау кезеңінен өтіп, университеттің академиялық саясатымен танысады және т.б. танысады, содан кейін олар қашықтықтан оқуын жалғастырады.

Сонымен қатар, 1 қыркүйектен бастап 5-ші курсқа дейін ветеринарлық мамандық студенттері күндізгі бөлімде зертханалық және практикалық сабақтардан өтеді. 28 қыркүйектен бастап олар кәсіби тәжірибеден өтуге жіберіліп, 30 қараша мен 12 желтоқсан аралығында қашықтан оқуын жалғастырады.

2 курс студенттері оқу жылын 1 қыркүйектен бастап қашықтықтан бастайды. Қазан айының басында олар университетке бір ай бойы күндізгі бөлімде зертханалық және тәжірибелік сабақтарға келеді. Содан кейін олар қашықтықтан оқытуға көшеді.

Оқудың келесі бағыттары бойынша 3-4 курс студенттері: «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринарлық медицина», «Инженерлік іс» мамандықтарындағы студенттер 1 қыркүйектен 31 қазанға дейін әр түрлі меншік формалары бар ауылшаруашылық құрылымдарда тұрғылықты жері бойынша кәсіби тәжірибеден өтеді. 2-28 қараша аралығында студенттер университетте зертханалық және тәжірибелік сабақтарға қатысады.

Магистранттар асинхронды оқыту әдісін қолдана отырып, аралас форматта оқиды. Докторанттар дәстүрлі күндізгі бөлімде оқытылады.

Магистранттар мен докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстары қашықтықтан да, зертханаларда да санитарлық-эпидемиологиялық режимнің сақталуының қажетті шартымен ұйымдастырылады.

Магистранттар мен докторанттардың тағылымдамасы келесі академиялық кезеңге ауыстырылды және эпидемиологиялық жағдайға байланысты қашықтық форматта ұйымдастырылуы мүмкін.

Университетте болу кезінде мұқтаж білім алушыларға санитарлық-эпидемиологиялық режимнің нормалары мен талаптары сақталатын Студенттер үйінен орын беріледі. Айта кету керек, университет студенттердің оқу ақысын 2018-2019 оқу жылы деңгейінде қалдырды.

Аталған іс-шара аграрлық жоғары оқу орындарының оқу-әдістемелік бірлестіктерінің өзара қарым-қатынасын және басқа да халықаралық ұйымдармен байланысын арттырып, аграрлық білім сапасын жоғарылатуға бағытталған.