«Қаскелең» агропаркі нақты егін шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, тұқым шаруашылығы, фитосанитария саласындағы барлық жаңа технологияларды, цифрлы шешімдер және шаруашылықты басқарудың ұтымды әдістерін қолданатын ғылыми-демонстрациялық кластер болып табылады.

Жоба Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін цифрландыру шеңберінде жүзеге асырылады. Ол 5 ғылыми институттың консорциумымен құрылды: «Қазақ өсімдіктерді қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты», Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы, сонымен қатар, «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты», «Қазақ ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру ғылыми-зерттеу институты», «Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты». Ал жоба болса аумағы 1630 га «Каскеленское» ОХ ЖШС базалық шаруашылығының алқабтарында жүзеге асырылып жатыр.

Қаскелең Агропаркінің миссиясы – нақты егін шаруашылығы технологияларын енгізу, үрдістерді цифрландыру және ірі деректерді өңдеу, саланың адам капиталын дамыту және шаруашылықты жүргізудің экологиялық ұтымды әдістерін енгізу арқылы елдегі АӨК тиімділігін арттыру болып табылады.

Мақсаты: Өндіріс бірлігіне шығындарды төмендету және қоршаған ортаның ластануын азайту кезінде ауыл шаруашылық өндірісін 2,5 есеге арттыруды қамтамасыз ететін нақты егіншілік жүйесіндегі тұжырымдамалық ережелерді әзірлеу және енгізу.

Міндеттер:
- Еңбек өнімділігін жоғарылатуды және өндірілетін дақылдардың өнімділігін арттыруды қамтамасыз ететін нақты егіншілік жүйе негізінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша пилоттық жобаны іске асыру;

- Ғылыми зерттеулерді заманауи әлемдік деңгейге сай келетін бәсекеге қабілетті нәтижелерді алу арқылы жоғары, қазіргі заманғы деңгейге көшіру.

Қазақстан экономикасының ауыл шаруашылық секторындағы ахуалды талдау осы саланың төмен кірістілігінің негізгі себептерінің бірі ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеудің қазіргі заманғы агротехнологиялары мен технологияларын дамытудың және енгізудің төмен деңгейі екендігін көрсетеді.

Өндірісті күшейту қазіргі заманғы ғылыми жетістіктердің инновациялық технологияларын, цифрлы шешімдерді, халықаралық алмасуды енгізу мен қолданусыз мүмкін емес.

Инновациялық жобаны тұрақты негізде жүзеге асыру экономикалық тиімділіктің өсуіне және ауыл шаруашылығында тәуекелдерді төмендетуге ықпал етеді. Ғалымдар мен фермерлерді алсақ та, тұтынушыларды алсақ та адами әлеуетті дамыту автоматты түрде салаға оң әсер етеді.