«ҰАҒБО» КеАҚ — бұл Қазақстанның аграрлық саласының ғылыми-білім беру мекемелерінің мемлекет және бизнеспен тұрақты өзара әрекеттесуінің бірыңғай операторы, ғылыми-білім беру орталығы.

 «ҰАҒБО» КеАҚ миссиясы - Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенінің инновациялық дамуына жәрдемдесу. Олардың қатарында: сұрыптардың өнімділігін арттыру үшін егін шаруашылығында инновациялық тәсілдерді енгізу, жаңа технологияларды апробациялау және енгізу үшін тәжірибе шаруашылықтарының негізінде демонстрациялық алаңдарды құру, Қазақстан Республикасының АӨК дамыту үшін отандық және шетелдік ғылыми-зерттеу әзірлемелерін жасау, аграрлық саладағы ғылыми ортаны нығайту және одан әрі дамыту.

Миссияны орындау үшін «ҰАҒБО» КеАҚ келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:

  1. Агроөнеркәсіп кешенінің ғылыми және кадр әлеуетін арттыру.
  2. Еншілес ұйымдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау.
  3. Мемлекеттік органдармен тиімді өзара әрекеттесу.
  4. Ауыл шаруашылығы саласының  бәсекеге қабілеттілігі мен экономикалық тиімділігін арттыру, аграрлық ресурстар мен стандарттарды дамыту, аграрлық сектордағы инвестициялық және инновациялық белсенділікке ынталандыру мақсатында акциялары Қоғамға берілетін заңды тұлғаларды тиімді басқару.
  5. Педагогикалық қызметкерлердің, студенттердің бірлескен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрылымдық жұмыстарын ынталандыру.
  6. Тәжірибелі-конструкторлық жұмыс саласындағы халықаралық ынтымақтастықты,  агроөнеркәсіптік кешендегі инновациялық сипаттағы іргелі және қолданбалы зерттеулерді дамыту, олардың коммерциялануы және Қазақстан Республикасында жүзеге асырылуы.
  7. Отандық тәжірибе-конструкторлық жұмыстарды, агроөнеркәсіптік кешеннің іргелі және қолданбалы зерттеулерін сыртқы нарықтарға алға жылжытуға жәрдемдесу.
  8.  «ҰАҒБО» КеАҚ-ның және оның еншілес ұйымдарының қызметіне халықаралық стандарттарды енгізу.
  9. Ауыл шаруашылығына отандық және шетелдік инвестицияларды тарту.
  10. Заманауи өндірістік технологияларды енгізетін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін ынталандыру шараларын әзірлеу.
  11. Қазақстанның аграрлық ғылым мен білім деңгейін халықаралық сапа стандарттарына көтеру.
  12. Қазақстандық аграрлық ғылыми өнімдерді (сорттар, тұқымдар, технологиялар және т.б.) әлемдік және аймақтық нарықтарға жылжыту.
  13. Заманауи ғылыми әзірлемелерді және инновациялық технологияларды өндіріске енгізудің тиімді жүйесін құру.
  14. Аймақтық тәжірибе-эксперименталдық орталықтар желісін және білімді тарату орталықтарын құру.
  15. Бюджет қаражатын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету және бюджеттен тыс қаражат есебінен  ғылыми әзірлемелерді бірлесіп қаржыландыру жүйесін құру.
  16. Әлемдік деңгейде аграрлық ғылым мен білім инфрақұрылымын құру және дамыту және оның дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету.