Сс, 08/25/2020 - 09:28
Жаңалықтар

2020 жылдың 25 тамызында сағат 15.00-де Қазақ ұлттық аграрлық университеті жанындағы Оқу-әдістеме бірлестігі –жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім білім берудің «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» салалары бойынша маман дайындау Жобаларды басқару тобы «Жоғары оқу орнының академиялық саясатын жүзеге асырудағы инновациялық тәсілдер» тақырыбында халықаралық online конференция өткізеді.

Конференция жұмысына ҚР АШМ, ҚР БҒМ, КеАҚ «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы», ТМД елдерінің 18 жетекші аграрлық жоғары оқу орындары басшылары, АҚШ, Еуропа, Азия және Тынық мұхиты елдерінің, жақын шет елдердің белді университеттері мен ғылыми орталықтарының ғалымдары, сондай-ақ, Қазақстанның 3 жетекші аграрлық жоғары оқу орындарының және Республикалық ОӘБ-ЖБТ мүшесі 20 жоғары оқу орындарының ректорлары мен проректорлары қатысады.

Конференция модераторы Қазақ ұлттық аграрлық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры, ҚР ҰҒА Вице-президенті, ТМД жетекші аграрлық ЖОО ректорлары кеңесінің төрағасы, Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің Оқу-әдістеме бірлестігі –Жобаларды басқару тобының төрағасы, әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты академик Есполов Тілектес Исабайұлы.

Сарапшылар тікелей эфир барысында жоғары оқу орнының академиялық саясатын жүзеге асыруда жаңа оқу жылының ерекшелігін, инновациялық тәсілдерін, АӨК үшін білікті мамандарды дайындаудағы бірлескен жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеу, жаңа жағдайда білімгерлерге сабақ беруде қашықтықтық технологияларын қолдану әдістерін жетілдіру мәселелерін талқылайды.

Аталған іс-шара аграрлық жоғары оқу орындарының оқу-әдістемелік бірлестіктерінің өзара қарым-қатынасын және басқа да халықаралық ұйымдармен байланысын арттырып, аграрлық білім сапасын жоғарлатуға бағытталған.

 

Тікелей эфир сілтемесі:

Zoom https://us02web.zoom.us/j/9259800861?pwd=bG5IWThjbVhPaW9ZZEh2ZVB5Qm9Edz09

 

Өтетін күні:

25 тамыз, 2020 жыл, сағат 15:00