Жм, 12/09/2022 - 13:29
Жаңалықтар

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде қызмет атқарған барша ректорларының құрметіне арналған «Университет ректорлары» галереясының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

«Университет ректорлары» галереясы оқу орнымыздың құрылуына, қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан ректорларды өскелең ұрпақтың танып, білуі мақсатында ашылып отыр. Университеттің бас ғимаратының 3-қабатындағы ректорат дәлізіне орналастырылған галереяға әр жылдары университетімізді басқарған Духов Тимофей Григорьевич, Гендельман Моисей Аронович, Сағадиев Кенжеғали Әбенұлы, Мауль Яков Яковлевич, Әлімжанов Бекен Өкенұлы, Бұлашев Айтбай Қабыкешұлы, Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы, Айтуғанов Қайрат Қапарұлының бейнелері орналастырылды.

Жалпы тұлғаны тану, олардың еңбегіне тағзым етіп, келер ұрпаққа насихаттау және жастардың бойында үлкенге құрмет, азаматтық, елжандылық пен білім-ғылымға деген тәлімді қалыптастыру - білім ордасының ең басты бағыты.

«Университет ректорлары» галереясын ашу идеясын С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің Басқарма төрағасы, экономика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Тіреуов Қанат Маратұлы ұсынды.

Іс-шараға ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Б.Ә.Бекбауов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы М.Б.Темиржанов, «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ Басқарма төрағасы Д.С.Балпанов, Гендельман Моисей Ароновичтің қызы - Светлана Моисеевна, академик К.Ә.Сағадиевтің отбасы, академик А.Қ.Бұлашев қатысты.ссс