Жм, 03/13/2020 - 18:54
Жаңалықтар

2020 жылғы 13 наурызда «ҰАҒБО» КеАҚ басшылығының Азия даму банкінің халықаралық сарапшыларымен еліміздің АӨК реформалары мәселесі бойынша бейне байланыс форматында кеңес өтті.
    Кеңесті аша отырып, ҰАҒБО Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Есенбай Исламов ҰАҒБО атынан қатысып отырған Ғылым департаментінің директоры Еркін Сатенбаевті, Білімді тарату департаментінің директоры Марат Жадаевті және Халықаралық ынтымақтастық және инвестиция тарту департаментінің директоры Дана Борумбаеваны таныстырды.
    АДБ тарапынан кеңеске АДБ-нің Қазақстандағы өкілдігінің директоры Джованни Капаннелли, Мьянмадан келген халықаралық сарапшы Тин Хтут У және ауыл шаруашылығы жөніндегі бас маман Ханс Уолдринг қатысты.
ҚР Премьер-Министрі кеңсесінің және Азия даму банкінің төрағалығымен Қазақстанда ауыл шаруашылығын реформалау жөніндегі тобы жұмыс істейді. Оның жұмысына ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, ҚазАгро, АХҚО, KPMG, Deloitte және Дүниежүзілік банк өкілдері қатысады.
    Кеңес барысында тараптар ҚазҰАУ базасында Қазақстанның АӨК реформалары бойынша екі күндік семинардың қорытындысын талқылады. Джованни Каннапелли экстеншн жүйесі бойынша презентациямен семинарда сөз сөйлегені үшін ҰАҒБО-ға алғысын білдірді.
Д. Каннапелли семинар қорытындысы бойынша аграрлық сектордың барлық өкілдері тыңдалғанын, атап айтқанда, фермерлердің өздерінен АӨК реформаларын жақсарту бойынша ұсыныстар алынғанын атап өтті. Е. Исламов аталмыш семинар ауыл шаруашылығы секторына қатысушыларға өте қажет және пайдалы екенін атап өте, Қазақстанның солтүстік және батыс аймақтарында ҰАҒБО-ның еншілер ұйымдары Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚазАТУ-да және Оралдағы БҚАТУ аграрлық ЖОО базасында осындай семинар ұйымдастыру жөнінде ұсыныс жасады. АДБ өкілдері өз кезегінде бұл ұсынысты қолдап, Қазақстанның ұсынылған өңірлерінде осындай семинарлар өткізуге ниетті екендігін мәлімдеді. 
    Мьянмадан келген халықаралық сарапшы Тин Хтут У Малайзия, Таиланд және Мьянма сияқты Азия елдерінің АӨК реформаларының табысты тәжірибесімен бөлісті. Бұл елдердің АӨК-дегі реформалардың маңызды факторларының арасында мемлекеттік саясатты және аграрлық сектордың барлық мүдделі тараптарын үйлестіру, ҒЗИ-ді күшейту, фермерлермен әріптестікте экстеншн және өндірісті автоматтандыру атап өтілді. Бұл – жоғарыда аталған Азия елдерінде аграрлық саланың дамуына түрткі болған басты құрамдастар.
    «ҰАҒБО-ның АДБ-мен ашық ынтымақтастыққа бейілділігін атап өткім келеді. Қазақстандық АӨК-ке азиялық елдердің аграрлық саладағы табысты реформалары қызық, және ҰАҒБО үздік мысалдарды зерттеуде», - деп атап өтті Есенбай Исламов. 
    Тараптар бірлескен жобалар бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.