Жм, 02/21/2020 - 18:00
Жаңалықтар

«ҰАҒБО» КеАҚ Басқарма төрағасы Т. Рақымбеков америкалық Valmont компаниясымен ынтымақтастық мәселелерін талқылады
 
2020 жылдың 21 ақпанында «ҰАҒБО» КеАҚ Басқарма төрағасы Төлеутай Рақымбеков Valmont трансұлттық компаниясының өкілдерімен кездесті. Кездесуге ТҰК Valmont техникалық қолдау жөніндегі жаһандық директоры Скатт Масет және ҚР Үкіметімен байланыс жөніндегі директоры Ричард Спунер қатысты.
Valmont-тың «ҰАҒБО» КеАҚ-тың еншілес ұйымы А. И. Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндіріс орталығымен ынтымақтастығының оңтайлы тәжірибесіне сүйене отырып, суарудың қазіргі заманғы ирригациялық жүйесін орнату бойынша қазақстандық тарап Valmont-пен бірлесіп, Қазақ ұлттық аграрлық университеті суармалы жерлерде осындай демонстрациялық алаң құруды ұсынды. Осыған байланысты ҚазҰАУ-дың Америка компаниясының суармалы жабдығын ҚазҰАУ-дың демонстрациялық учаскесіне жеткізу жөніндегі жобаны іске асыру үшін мүмкіндіктері мен артықшылықтары таныстырылды, бұл елдің оңтүстік өңірлері үшін де технологиялардың трансферін қамтамасыз етеді.
«Біздің еншілес ұйымымыз А.И. Бараев атындағы Астық шаруашылығы ҒӨО-мен іскерлік ынтымақтастығы арқасында біздің фермерлерді оқыту және ирригациялық агрегат орнату саласында атқарған жұмыстары үшін америкалық әріптестеріме алғысымды білдіремін және Қазақстанның АӨК үшін технологиялар мен білім трансфертінің маңыздылығын атап өткім келеді», - деді Т. Рақымбеков. Скатт Масет Valmont ҚазҰАУ-мен ынтымақтастыққа мүдделі екенін атап өтті және оны әрі қарай талқылау үшін жобаның техникалық жағынан қажетті параметрлерін әзірлеуді ұсынды. Басқарма төрағасы ҰАҒБО-ның ғылым мен агробизнесті ықпалдастыратын орталық ретінде ең үздік халықаралық тәжірибелерді қолдану арқылы аграрлық саланы дамытуға бейім екенін атап өтті. 
«ҰАҒБО әлемнің алыбы Valmont-пен ынтымақтастық орнатқанына қуанышты және аграрлық саладағы қарым-қатынасымыздың ілгері динамикасын байқап отыр. Қазақстан суармалы жерлердің көлемін 3 млн гектарға дейін жеткізуді жоспарлап отыр және осы алқаптарда ТҰК Valmont ирригациялық агрегаттары жұмыс істейтін болады деп үміттенеміз», - деп түйіндеді Төлеутай Рақымбеков. Соңында тараптар бірлескен жобаны жүзеге асыруда өзара түсіністікті білдірді және оны одан әрі дамыту ниетін растады.
Естеріңізге сала кетсек, Valmont трансұлттық компаниясы «ҰАҒБО» КеАҚ еншілес ұйымы А. И. Бараев атындағы АШҒӨО-мен демонстрациялық учаскесіндегі қазіргі заманғы үш ирригациялық машиналарды орнату бойынша ынтымақтастық орнатып қойған болатын.
2019 жылы ҚР Үкіметі мен ТҰК Valmont Industries АӨК инвестициялық жобасын жүзеге асыру туралы құжатқа қол қойды. Жоба суару, су ресурстарын ұтымды пайдалану, мал азығын өндіру, фермерлерді оқыту мен тренингтеу және білікті кадрларды даярлау саласындағы озық технологиялар трансферті бойынша фермалар желісін құруға бағытталған. Сондай-ақ, Valmont Industries Қазақстанда жылына 1000 жүйеден кем емес қазіргі заманғы ирригациялық қондырғылар шығаратын зауыт салуға ниетті, инвестиция көлемі - $50 млн.