Сс, 02/25/2020 - 18:09
Жаңалықтар

«ҰАҒБО» КеАҚ Басқарма төрағасы Т. Рақымбеков украиналық селекционерлермен ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
 
2020 жылдың 25 ақпанында Басқарма төрағасы Төлеутай Рақымбеков бастаған ҰАҒБО басшылығы «Бүкілукраиналық селекциялық ғылыми институты (ВНИС)» ЖШҚ директоры Ярослав Парий (Украина), «СОЛАРИС ГИБРИДЫ» ЖШҚ директоры (Украина) Геннадий Горлач және «СОЛАРИС ХИБРИДИ» ЖШҚ директоры (Сербия) Деян Йовановичпен кездесті.
Ярослав Парий «Бүкілукраиналық селекциялық ғылыми институты» ЖШҚ қызметімен таныстырып, украин ғалымдарының селекция, тұқым шаруашылығы және ауыл шаруашылығы дақылдарының будандарын, атап айтқанда, бидай, жүгері, күздік рапс, майлы дақылдарды шығару саласындағы Қазақстан тәжірибесіне қызығушылығын атап өтті.
Т. Рақымбеков білдірген қызығушылықтары үшін алғысын айтып, тұқым шаруашылығы ауыл шаруашылығы өндірісін тұрақты дамытудың маңызды факторы екендігін алға тартты.
«Селекция және тұқым шаруашылығы саласында бізде қазақстандық ғалым-аграршылардың бай тәжірибесі бар. Біз бірлескен ынтымақтастыққа дайынбыз және ҰАҒБО тарапынан бүгін ұсынылған бастамаларды қолдаймыз. Бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін ынтымақтастық туралы меморандум жасауды ұсынамын», - деді Т. Рақымбеков.

Кездесу барысында Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Есенбай Исламов ғылыми жобалар мен оларды Қазақстанның аграрлық саласы ғалымдарының табысты жүзеге асыруы туралы айтып берді, сондай-ақ ол екі ел ғалымдарының бірлескен ынтымақтастығы үшін түйісу нүктелерін атап өтті. Сондай-ақ, Есенбай Исламов украиналық тарапқа ғылыми-зерттеу институттары мен тәжірибелік станцияларға барып, танысуды ұсынды. Өз кезегінде, украиналық әріптестер Басқарма төрағасының бірінші орынбасарының ұсынысы үшін алғыс айтып, «ҰАҒБО» КеАҚ ҒЗИ-ға өз сапарын растады.
Соңында тараптар ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюға және өзара бірлесе жұмыс жасауды қолдауға келісті.