Дс, 01/27/2020 - 13:26
Жаңалықтар

Күні кеше, нақтырақ айтсақ 27 қаңтар күні, Төлеутай Рақымбеков бастаған ҰАҒБО басшылығы "QazTech Ventures" АҚ өкілдерімен кездесіп, АӨК саласын дамыту жөніндегі сұрақтарды талқылады.

Т.Рақымбеков ҰАҒБО-ның ғылыми-тәжірибелік қызметі жөнінде айта келіп, ғалымдарымыздың тың жобаларымен таныстырды. «ҰАҒБО аграрлық саладағы үздік компетенцияларға ие, себебі барлық ғылыми зерттемелер бізде жүргізіледі.
Қазақстандық ғалымдардың 95%-і - ҰАҒБО қызметкерлері», - деп атап өтті  Т.Рақымбеков.
Өз кезегінде "QazTech Ventures" АҚ өкілдері бизнес-инкубациялау, технологиялық консалтинг және венчурлық қаржыландыру арқылы технологиялық кәсіпкерліктің дамуына септігін тигізетін қызметін ұсынды.

«Қазіргі кезде біздің ғалымдарымыздың бірқатар перспективалық жобалары бар, оларды енді өндіріске енгізу қажет. Сондай жобалардың бірі 10 млн көшет өндіретін In Vitro зауыты бола алады, ал бұл қазіргі уақытта еліміз үшін өзекті», - деді Т.Рақымбеков.

Сонымен қатар, екі жақ шаруаларға арналған технологиялық семинарлардың өткізілуі туралы сөз қозғап, АӨК саласын дамыту бағытындағы серіктестікті жалғастыра беруге келісті.