Жм, 02/14/2020 - 12:41
Жаңалықтар

А. ж. 14 ақпанында Нұр-Сұлтан қаласында «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы және «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Тараптардың келісім мақсатының басым бағыттары: ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерін (АШТӨ) ҰАҒБО қорларынан тұқыммен қамтамасыз ету жолымен, отандық және шетелдік дәнді дақылдар селекциялар жетістіктерімен ауыл шаруашылығы субъектілерін қамтамасыз ету үшін тұқымдық қорын құру; Қазақстан Республикасы әртүрлі топырақтық-климаттық жағдайларына бейімделген шетелдік үздік сұрыптар мен  будандарды іздеуге жәрдемдесу; дәнді дақылдар тұқымдарының шетел өндірушілері тізімін жасау; сыртқы және ішкі нарықтарда дақылдар қажеттілігі бойынша аналитикалық және болжалды жұмыстар бойынша бірлескен күштерді жүзеге асыру жолмен АӨК дамытуға көмек көрсету.

«ҰАҒБО» КеАҚ жағынан меморандумға орталықтың Басқарма төрағасы Төлеутай Рақымбеков қол қойды.

«Бүгінгі меморандумға сәйкес ҰАҒБО дәнді дақылдар тұқымдарын өндіру, дайындау, өңдеу, сақтау, тасымалдау, өткізу және пайдалану бойынша нұсқаулықтар мен ғылыми қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Сонымен қатар Орталық дәнді дақылдар тұқымының айналым тиімділігіне ықпал ететін нұсқаулықтарды жасауға және өнімділікті болжау әдістемесін, дәстүрлі тәсілдермен қатар ғарыштық мониторинг сандық жүйелері мен деректерін қолдануымен өсімдіктердің даму кезеңінде дәнді дақылдар сапа көрсеткіштерін бағалау жүйесін дамытуды көздейді. Осының барлығы дәнді дақылдар тұқымдары нарық айналымын қамтамасыз етуге жағдай жасайды», - деп ескертті Т. Рақымбеков.

«Қол қойылған меморандум аясында фьючерстер және басқа да мәмілелер негізінде ҰАҒБО ресурстарынан ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне тұқым беру арқылы отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне қолдау көрсету жоспарлануда. Сондай-ақ, дәнді дақылдар сорттарына зияткерлік меншік құқығын сату нарығын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргіземіз»,- деп атап өтті ҰАҒБО басшысы Т.Рақымбеков.

Тараптар сонымен қатар АӨК мемлекеттік көмек құралдарын жетілдіруде жұмыс атқаруға және қойылған міндеттер шеңберінде белсенді қызметтесуге келісті.