Жк, 06/21/2020 - 01:08
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ЕГІН ОРУ БАСТАЛДЫ (СЕМИНАР-КЕҢЕС НӘТИЖЕЛЕРІ)

2020 жылы 19 маусымда Түркістан қаласының ауыл шаруашылық белдеуінде обылыс әкімінің қатысуымен семинар-кеңес өтті. Семинарда облыс әкімі Ө.Е.Шөкеев, Туркістан СПК жетекшісі А.Т.Ахмеджанова және Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ бас директоры А.В.Агеенко шығып сөйледі.

Көрсетілім телімінде күздік бидай салтанатты жағдайда орылды, егілген отандық Алмалы сортының дән түсімі 60 ц/га құрады.

Артынан екінші өнім алу үшін сүрлемге арналған жүгері дақылы тікелей себу жолымен егілді, бұл егістік жаңа жаңбырлатқыш қондырғылар арқылы суарылатын болады.