Жм, 12/23/2022 - 15:33
Жаңалықтар

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Әбілқайыр Тамақбек бастаған делегация Түркияның TSÜAB компаниясының өкілдерімен кездесті. TSÜAB және ECOSA президенті Йылдырай Генчер мен вице-президент Өккеш Йылдырым қатысқан жиында түрік тұқым секторы және TSÜAB пен ECOSA қызметі туралы ақпарат беріліп, бірлесіп атқарылатын зерттеулер жөнінде пікір алмасты. TSÜAB сапарынан кейін делегация Түркия тұқым өсірушілер қауымдастығында (TÜRKTOB) және Тұқым өсірушілер қосалқы қауымдастығында (TYAB) болды. Бүгін делегация «Болашаққа арналған тұқымдар» тақырыбындағы халықаралық TSÜAB семинарына қатысу үшін Анталияға барады.

Айта кетейік биыл қарашаның 18 жұлдысында екі елдің????ауыл шаруашылығы министрліктері арасында тұқым шаруашылығы саласында ынтымақтастық орнату туралы келісімге қол қойған еді. Түрік тарапы аталмыш салада заң жобасын ретке келтіруге кеңес беріп, өсімдіктердің генетикалық банкін құрып, селекциялық жетістіктерімен бөліспекші.түркия