Сс, 11/05/2019 - 19:58
Жаңалықтар

Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының (ҰАҚБО) Басқарма төрағасы Рахымбеков Т.С. тәуелсіз директор, «Қазақстан-Германия аграрлық-саяси диалогы» жобасының ғылыми қызметкері Андреас Грамцовпен кездесу өткізді. Кездесу барысында 2020-2022 жылдарға арналған Аграрлық-саяси диалогтың (АСД) төртінші кезеңін жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

АСД-ның төртінші кезеңіндегі бағыт-бағдары:

- Аграрлық-саяси тақырыптарды талқылау және аграрлық сектордағы саясат, экономика, ғылым және қоғамдық ұйымдар өкілдерімен халықаралық тәжірибе алмасуды қолдау үшін орнықты ауыл шаруашылығына арналған диалог алаңы ретінде АСД-ны кеңейту.

- Таңдап алынған негізгі тақырыптар аясында мамандандырылған диалог орнатып нығайту, сонымен қатар Қазақстанда органикалық өндірісті дамыту; институционалдық және құқықтық шеңберлерді жақсарту жөніндегі ұсыныстарды генерациялау үшін аграрлық қаржыландыру, қажет болған жағдайда цифрландыру.

- Байланыс орнату кезінде ақпарат беру және делдалдық арқылы қазақстандық және германиялық немесе еуропалық мекемелер, компаниялар мен қауымдастықтар арасындағы кооперация мен әріптестікті қолдау.

Айта кетсек, Қазақстан-Германия диалогы аясында ынтымақтастық басталған сәттен бастап (2008 жылдан) ҚР АӨК дамуына оң ықпалын тигізген көптеген іс-шаралар өтті. Тек ағымдағы жылы ғана «ҰАҚБО» КеАҚ еншілес ұйымдары «Жасыл апта 2019», «АгриТек/Агрифарм 2019» халықаралық көрмесі, сондай-ақ климаттың өзгеруі жағдайында ауыл шаруашылығын дамытуға арналған семинар сияқты іс-шараларға қатысты.

фото

фото

фото