Сн, 05/23/2020 - 00:59
Жаңалықтар

2020 жылдың 21 мамырында Қазақ ұлттық аграрлық университетінің Басқарма Төрағасы - Ректоры, ҚР ҰҒА Вице-президенті, әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Тілектес Есполовтың төрағалығымен онлайн режимінде ТМД жетекші аграрлық ЖОО ректорлары кеңесінің отырысы өтті.

Facebook, Instagram, YouTube әлеуметтік желілерінде тікелей трансляция арқылы жүргізілген Кеңес отырысы коронавирус пандемиясы жағдайында білім беру қызметін ұйымдастыру мәселеріне арналды.

Қазіргі кезде бұл індет салдары әлемдегі көзқарастарды өзгертті және барлық елдердің білім беру жүйесі үшін үлкен сынақ алаңына айналды. Мұндай жаһандық проблемамен адамзат алғаш рет бетпе бет келіп отыр.

Орын алған жағдайға байланысты дәстүрлі оқыту мүмкіндігі тоқтады. Жоғары білім беру саласында классикалық үлгідегі оқу үрдісі қашықтан оқу форматымен біріктіріліп, жаңа талаптарға сай реформалануда. Осы орайда аграрлық жоғары оқу орындарына қашықтықтан оқыту технологияларын енгізуге байланысты нақты іс-қимылдар мен өзгерістердің бірлескен бағдарламасын әзірлеу, біріккен зерттеулерді жаңа бағыттарын іске қосу, халықаралық ынтымақтастықты трансформациялау қажет.

1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Осы және басқа да өзекті мәселелерді көтерген Кеңес жұмысына Қазақстанмен қатар Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Украина елдерінен 19 ЖОО ректорлары, проректорлары, департамент басшылары қатысып, тақырыпқа байланысты өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, пікір бөлісіп, тіжірибе алмасты. Кеңес отырысы жұмысына Санкт-Петербург мемлекеттік аграрлық университеті мен Арктикалық мемлекеттік Агротехнологиялық университетінің бақылаушы ретінде қатысты.

Онлайн отырыс барысында карантиндік режим жағдайында қашықтан оқыту технологиясын  қолдану арқылы ағымдағы және қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру мәселелері, карантиннен кейінгі кезеңдегі міндеттер, студенттердің өндірістік және диплом алдындағы оқу-өндірістік тәжірибелерден өту ерекшеліктері, қашықтан білім беру технологияларын қолданумен мемлекеттік емтихан комиссияларының жұмысы, білім беру процесінде қашықтықтан оқытуды қрылымдап, жүйелеу, каронавирус індеті жағдайындағы қабылдау науқанының ерекшеліктері, академиялық ұтқырлықты ұйымдастыру, оқытушы-профессорлар мен қызметкерлердің біліктілігін арттыру мәселелері қаралды.

Тікелей байланысқа шыққан әрптестер мәселені жан-жақты саралап, кездескен проблемалар жайында сөз қозғап қана қоймай, оның шешу жолдарын талқылады. Табысты жұмыс істеу үшін аграрлық жоғары оқу орындарының кооперациясы, білім мен ғылымның тығыз интеграциясы қажет екендігі айтылды. Карантин жағдайында және карантиннен кейінгі кезеңде білім беру қызметін ұйымдастыру бойынша нақты ұсыныстар әзірленді.

Кеңестің келесі отырысы биылғы жылдың маусым айында «Ашық аграрлық ғылым» платформасы базасында ғылыми қызметті интеграциялау» тақырыбында онлайн-режимде өтеді.