Ср, 04/12/2023 - 17:20
Жаңалықтар

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті алғаш рет Quacquarelli Symonds (QS) беделді британдық рейтингтік агенттігінің аудитінен өтті, оның нәтижелері бойынша ЖОО-ға 4 жұлдыз деген жоғары баға берілді. Қызмет бағыттары бойынша ұпайлар келесідей бөлінді:

5* «Оқыту», «Жұмыспен қамту», «Инклюзивтілік».

4* «Ауыл және орман шаруашылығы» білім беру бағдарламасы.

3* «Интернационалдық», «Ыңғайлылық», «Әлеуметтік жауапкершілік».

2* «Зерттеу».

Рейтингтік жүйе университеттерді алдын ала белгіленген халықаралық стандарттармен салыстырғанда тиімділік көрсеткіштерінің кең ауқымы бойынша бағалайды.

Әдетте, бұл рейтингке ие болған университеттер халықаралық беделге, жоғары білікті оқытушылар құрамына, сондай-ақ күрделі зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін озық технологиялық және білім беру мүмкіндіктеріне ие. 

 Ұсынылған санаттар бойынша жоғары баллдар Сейфуллин университетінің дамудың дұрыс векторын ұстанатынын растайды - жоғары білім сапасын үздіксіз жетілдіреді және еңбек нарығында сұранысқа ие жоғары білікті мамандарды даярлап шығарады.