Сс, 12/15/2020 - 09:43
Жаңалықтар

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес, ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Тәуелсіздік күніне орай министрліктер мен ведомстволардың қызметкерлеріне, сондай-ақ шет елдердің өкілдеріне Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін мемлекеттік наградаларды тапсырды.

«Парасат» орденімен ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров марапатталды.

«Парасат» орденімен ғылым мен мәдениет, әдебиет пен өнер қайраткерлері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ Республиканың рухани және интеллектуалдық әлеуетін дамыту мен молайтуға зор жеке үлес қосқан не адам құқықтарын және оның әлеуметтік мүдделерін қорғау жөніндегі белсенді қызметі үшін азаматтар марапатталады.

Ақпарат көзі: https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/135975?lang=kk