Сн, 02/08/2020 - 20:07
Жаңалықтар

Күрішбаев Ақылбек Қажыгұлұлы – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор.

Күрішбаев А.Қ. 1961 жылы Алматы қаласында дүниеге келді. 1983 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын агрохимия және топырақтану мамандығы бойынша үздік тәмәмдап шықты. Еңбек жолын 1983 жылы В. Вильямс атындағы Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтында бастады.

Ол Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы  ҒЗИ-да 1997 жылға дейін  қызмет қылып, қарапайым зертханашыдан бастап, агротопырақтану бөлімі директордың орынбасары лауазымы бойынша жұмыс жасады. 1997 жылы А. И. Бараев атындағы Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының директоры болып тағайындалды. 2002-2005 жылдары – ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі болса,  2006 жылы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ғылым департаментін басқарды. 2007 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі. 2011 жылдың 18 қазанынан бастап – Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің (ҚазАТУ) ректоры.

Зерттеу жұмыстарының негізгі бағыты – антропогенез жағдайындағы гумус түзілу мәселелері, еліміздің егіншілік үшін бірінші дәрежелі маңызы бар ҚР жыртылған топырақтарының гумустық жай-күйін сандық және сапалық бағалау. Оларға эрозиялық қауіпті және техногенді ластанған топырақтардың бай, толымсыз және суармалы егіншілік жағдайында топырақтың органикалық затының өзгеру заңдылықтары белгіленген.

Алғаш рет топырақтың гумустық жай-күйінің динамикасын сипаттайтын фондық және диагностикалық көрсеткіштер жүйесі ұсынылды, топырақ құнарлылығының жақын резервтері тұрғысынан ерекше құнды болып табылатын гумустың белсенді (лабильді) фракциясының құрамын анықтау тәсілі әзірленді. Құрылған ақпараттық деректер базасы негізінде оларға топырақтың органикалық затының агрономиялық қасиеттері мен ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі бар байланысының математикалық моделі ұсынылды. Топырақтағы гумус құрамының шекті және оңтайлы деңгейлері эксперименталды негізделген, бұл агроценоздардағы олардың гумус жағдайын реттеуге және өзгертуді болжауға мүмкіндік береді.

Күрішбаев А.Қ. «Астанаға 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011) медальдарымен, «Құрмет» (2012) және «Парасат» ордендерімен марапатталды (2018). Ол А. И. Бараев атындағы сыйақы иегері, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағының иесі (2006).