Сн, 05/23/2020 - 01:41
Жаңалықтар

2020 жылдың 22 мамырында Нидерланды Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Елшісі Андре Карстенс Алматы облысы, Талғар ауданы, Байбұлақ кентінде орналасқан «Агроуниверситет» оқу-тәжірибелік шаруашылығына барды.

Қазіргі уақытта бұл оқу тәжірибе шаруашылығында «Dutch Fruit Solutions Kazakhstan» мемлекеттік-жекеменшік әріптестігін ұсынатын компаниялар тобы мен Қазақ ұлттық аграрлық университеті арасындағы Консорциялық Келісім шеңберінде жеміс және жидек дақылдарының таныстырылымдық бағын құру жөніндегі бірлескен жоба тиімді іске асырылуда. 

Қазақ ұлттық аграрлық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор, ҚР ҰҒА Вице-президенті Есполов Тілектес Исабайұлы атап өткендей, бұдан бұрын ­­- 2019 жылдың 17 шілдесінде ҚазҰАУ-да нидерландтық мамандармен кездесу өтіп,  онда жеміс және жидек дақылдарының таныстырылымдық бағын құру мәселесі талқыланған болатын. Ағымдағы жылдың наурыз айында екіжақты келісімге қол қойылды. Бүгінгі күні біз осы интеграцияның нәтижелерін көріп отырмыз.

 

Бұл жоба жоба ­ жеміс шаруашылығын дамытудың мемлекетаралық Қазақстан-Нидерланды бағдарламасының құрамдас бөлігі саналады. Жоба аясында Қазақстанда тиімді және тұрақты жеміс шаруашылығын дамытуға қолдау көрсету мақсатында Нидерланды Корольдігі Үкіметі 14 компаниядан тұратын топ құрды. Топ ­ - саланың өнімділігін, азық-түлік қауіпсіздігі мен өнім сапасын арттыруға ықпал ететін жеміс және жидек дақылдарының өнімін өңдеудің, сақтаудың және өңдеудің заманауи отырғызу материалымен және түпнұсқалық технологияларымен қамтамасыз етуге дайын.

Жеміс және жидек дақылдарының таныстырылым бағында алманың перспективалы 12 сорты, алмұрт - 4, алхоры - 10, шие - 12,  көкжидек -7 сорты, сондай-ақ Нидерландыдан келген құлпынай, қызыл қарақат және аспарагустың перспективалы 12 сорты сертификацияланған отырғызу материалымен 1,5 га алаңға салынды.

Бірлескен инновациялық жоба ­- Нидерланды университеті мен ҚазҰАУ ғалымдары арасында сорттарды аудандастыру, Қазақстанның әр түрлі табиғи-климаттық аймақтары үшін технологияларды жетілдіру бойынша ынтымақтастықты дамытуды көздейді.

Алматы облысы, Талғар ауданы, Байбұлақ кентіндегі ҚазҰАУ-дың «Агроуниверситет» оқу-тәжірибе шаруашылығы базасындағы «Жеміс және жидек дақылдарының таныстырылымдық бағы» университеттің жеміс шаруашылығы, агрономия, су ресурстары, экология және т. б. саласындағы білім беру бағдарламаларын іске асыру бағытында білім алушылардың оқу-өндірістік тәжірибеден өтетін орны болып табылады.

Бүгінгі күні Қазақ ұлттық аграрлық университетінде Нидерланды Корольдігінің жоғары оқу орындарымен және корпорацияларымен жақсы байланыс қалыптасқан.  ҚазҰАУ өзінің инновациялық даму жолында әлемдегі аграрлық жоғары оқу орындары арасында 1-орында тұрған Вагенинген университетінің тәжірибесіне сүйенеді. Қазіргі уақытта Қазақ ұлттық аграрлық университеті базасындағы Вагенинген институты аясында Нидерланды Корольдігі университетінің (WUR) бакалавриат бойынша білім беру бағдарламасы негізінде: Plant Sciences (Өсімдіктер туралы ғылым) және Food Technology (Тағам технологиясы) мамандар дайындау қолға алынған.

Жыл сайын ҚазҰАУ магистранттарына Вагенинген университетінің, Утрехт университетінің жетекші оқытушылары дәріс оқуға шақырылады, академиялық ынтымақтастық дамуда. Бұл – жастарға сапалы білім беруде өте тиімді әдіс және университеттің қарқынды дамуына ықпал етеді. Қазіргі жағдайда шетелдік әріптестермен онлайн режиміндегі байланыс  жүйелі іске асырылып келеді.

ҚазҰАУ басшылығы өз алдына нидерландтық жоғары оқу орындарымен, ғылыми орталықтармен және аграрлық корпорациялармен халықаралық ынтымақтастықты дамыту, аграрлық ғылымның түрлі салаларында бірлескен зерттеулер жүргізу міндетін қойды. Инновациялық бағыттағы бірлескен жобалар нәтижелері екі ел үшін де тиімді болмақ.