Сс, 02/11/2020 - 16:04
Жаңалықтар

«Құралай» жемдік бағыттағы жаздық арпа сұрпын Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ ғалымдары шығарған болатын.
Сұрыптың авторлары – Сариев Б.С., Жүндібаев К.К., Тоқетова Л.А., Жұмаханов Б.М.
Сұрып түрі ерте көктемнің үсік шалуына, жапырылуына және жетілген кездегі шашылуына төзімді.
«Құралай» сұрпы К-18712 (Канада) х 139/80-394 (Қазақстан) гибридті популяциясынан жеке іріктеу жолымен құрылған.
Дақыл түрі – екі қатарлы, жаздық.
Вегетациялық кезеңі – 75-80 күн, орташа.
1000 дәннің салмағы– 45-50 г.
Астық табиғилығы – 712,1 г/л.
Дәндегі ақуыз мөлшері-13,9%.
«Құралай» сұрпының орташа өнімділігі – 59,3 ц / га.
Сұрып 2011 жылдан бастап Жамбыл облысы бойынша Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіміне енгізілді.