Дс, 04/27/2020 - 10:04
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесінен:

Ауыл шаруашылығы еңбеккерлері қиындыққа қарамастан жұмыс істеуде.

Шаруалардың еңбегіне дән ризамыз.

Көктемгі егіс науқаны мәселелері шешімін тапты. Бұл жұмысқа ешқандай кедергі болмауы керек. Ауыл шаруашылығы министрлігіне және әкімдерге осындай міндет жүктеледі.

Осы науқанға және өнімді алдын ала сатып алуға 200 миллиард теңге бөлінді.

Соның 70 миллиарды тұқым өндірісін дамытуға, тыңайтқыштар сатып алуға жұмсалады.

Толық мәтіні AkordaPress сайтында: http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/akorda_other_events/zayavlenie-glavy-gosudarstva-kasym-zhomarta-tokaeva-1?fbclid=IwAR0onYwmvTHmv9jSLa7u-4QCdb2tnoJ2Fo5Kv-orN0IKUTQnwTqdRv_hDGQ