Ср, 06/10/2020 - 15:44
Жаңалықтар

ҚазҰАУ – әлемнің үздік 600 университеті қатарына енді!

 

Бізде қуанышты жаңалық!

Қазақ ұлттық аграрлық университеті QS World University Rankings рейтингісінің 2020 жылға арналған қорытындысы бойынша өз көрсеткішін жақсартып, 651 орыннан  60 позицияға көтеріліп, 591 орынға ие болды!

QS әлемдік рейтингісі дүние жүзінің ең үздік 1000 университетін қамтиды. Биыл бұл тізімге қазақстандық 10 жоғары оқу орны енгізілген.

Әлемдік рейтингті анықтаушылар университет көрсеткішін академиялық беделі, студент санына профессор-оқытушылар құрамының арақатынасы, жұмыс берушілер арасындағы беделі, ғылым жүргізу дәрежесі, интернационализация сияқты критерийлер арқылы сарапқа салды.

Әлемнің үздік 600 университетінің қатарына енген оқу орнымыздың алдағы мақсаты – 2024 жылға қарай QS-300 рейтингісі бар әлемдік деңгейдегі университет болу.

90 жылдық тағылымды тарихы бар университетіміз ұжымның бірлігі мен біліктілігінің арқасына бұдан да биік белестерді бағындыра береді деп сенемін!


https://www.topuniversities.com/universities/kazakh-national-agrarian-university-kaznau#wurs

1