Сс, 05/26/2020 - 19:02
Жаңалықтар

Бүгін Қазақ ұлттық аграрлық университетінде дәстүрлі Халықаралық Жазғы мектеп шарасы онлайн форматта бастау алды.

Тікелей эфирдегі шараны ҚазҰАУ Басқарма Төрағасы – Ректор, ҚР ҰҒА Вице-президенті, академик Есполов Тілектес Исабайұлы ашып,  «Биыл оныншы рет ұйымдастырылып отырған дәстүрлі Халықаралық Жазғы мектеп  – бұл диалог өткізу, тәжірибе алмасу, агроөнеркәсіптік кешеннің барлық мәселелері бойынша өзекті мәселелерді талқылау алаңы, әлемдік жетістіктерді пайдалана отырып, отандық аграрлық ғылымды барынша дамыту» ­–  деп атап өтті.

Халықаралық онлайн Жазғы мектепке Қазақстанмен қатар Ресей, Украина, АҚШ, Индонезия, Испания, Тайланд, Израиль, Қытай, Румыния, Индия,  Италия, Сербия, Түркия, Нигерия, Болгария, Польша, Белоруссия, Өзбекстан елдерінің қырықтан астам университеті мен ғылыми орталықтарының білікті мамандары, оқытушы-ғалымдар мен докторантар, магистранттар онлайн тіркеліп, қатысуда.

Жазғы мектеп оқытушыларының халықаралық командасы ең жоғары деңгейдегі білікті мамандардан – жетекші отандық және шетелдік ғалымдардан, салалық ҒЗИ мен өндіріс өкілдерінен құрылған. Халықаралық онлайн Жазғы мектеп бірнеше ғылыми бағыттарды қамтиды:

«Су ресурстарын басқару» - мектеп жетекшісі, ҚР ҰҒА академигі, э.ғ.д., профессор Есполов Тілектес Исабайұлы.

«Жасыл экономика» - мектеп жетекшісі, ҚР ҰҒА Академигі, э.ғ.д., профессор Тиреуов Қанат Маратұлы.

«Ветеринария» - мектеп жетекшісі, ҚР ҰҒА академигі, в.ғ.д., профессор Иванов Николай Петрович.

«Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» - мектеп жетекшісі, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, а. ш. ғ. д., профессор Омбаев Абдирахман Молданазарұлы.

«Агроөңдеу технологиялары» - мектеп жетекшісі, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, т.ғ.д., профессор Оспанов Асан Бекешұлы.

«Ауыл шаруашылығындағы инновациялық технологиялар мен техникалық құралдар» - мектеп жетекшісі, ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д., профессор Кешуов Сейітқазы Асылсеитұлы.

«Табиғи ресурстарды басқару» – мектеп жетекшісі, ҚР ҰҒА Академигі, э.ғ.д., профессор Байзаков Сәбит Байзақұлы.

«Өсімдік шаруашылығындағы Агроинновация» - мектеп жетекшісі, а.ш.ғ. д., профессор Қалдыбаев Сағынбай Қалдыбайұлы.

«Агротуризм» - мектеп жетекшісі э.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі Сүлейменов Жеңісбек Жұмағалиұлы.

 

Халықаралық Жазғы мектеп-2020 магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарға жаңа білім алу, инновациялық технологиялар мен ғылыми зерттеулер жүргізу әдістемелерін игеруге жаңа мүмкіндіктер береді.

Жазғы мектеп аясында жас ғалымдар STARTUP жобалардың онлайн байқауына қатыса алады. Үздік жобалар марапатталып, арнайы сертификаттар беріледі.

Қатысушылар ауыл шаруашылығы, ветеринарлық, биологиялық, техникалық, экономикалық ғылымдар саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулердің өзекті мәселелері бойынша Халықаралық Жазғы мектептің ғылыми материалдар жинағында ғылыми мақалаларын жариялай алады.

Қазақ ұлттық аграрлық университеті ұйымдастырған  Жазғы мектеп 2020 жылдың 9 маусымына дейін жалғасады

Халықаралық жазғы мектеп-2020 барысын күнделікті төмендегі сілтеме бойынша көріп, пікір білдірулеріңізге болады:

https://www.facebook.com/100043580851461/videos/176299323832762/

 

https://www.youtube.com/watch?v=dONZmAv8CGI