Дс, 01/13/2020 - 15:10
Жаңалықтар

Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты қант қызылшасының селекциясы және тұқым шаруашылығымен айналысатын еліміздігі бірден бір ғылыми ұйым болып табылады. 2019 жылдан бастап институтта «Ғылым қоры» акционерлік қоғамының гранттық жобасы аясында қант қызылшасының тұқымын дайындайтын цех құрастырылып, байдалануға берілді.

2019 жылды 11 желтоқсанда Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты «Қант қызылшасының отандық будандарының тұқымын өндіру және дайындау» тақырыбында оқыту семинарын өткізді. Алматы және Жамбыл облыстарының қант қызылшасының тұқымын өндірумен айналысатын шаруашылықтардың («Қамқорлық» ЖШС, «Жылыбұлақ Мерке» ЖШС, «Самай» ШҚ,  «Кең дала» ШҚ) жетекшілері, ауыл шаруашылығы басқармасының  мамандары және ғалымдар  қатысқан келелі жиында қызылша дақылын дала жағдайында қысқа дайындау, жылыжайда будандардың аталық және аналық формаларын өсіру технологиялары көрсетілді. Жоба аясында салынған қант қызылшасы будандарының тұқымын өндіруге арналған Фотосепаратор, тұқым тазалағыш машина, шасталка, инкрустатор-дражиратор, тұқым кептіргіш, тұқым дозаторы, тұқымның сапасын тексеруге арналған және тағы басқа да заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған цех жұмысы таныстырылды. Қант қызылшасының отандық будандарының тұқымын өндіру технологиялары, тұқымды тазалау, инкрустациялау, дражелеу және кептіру, тұқымды өңдеуге арналған препараттар мен материалдар туралы баяндамалар жасалынды. Семинар соңында анкеталаудан кейін қатысушыларға сертификаттар берілді.