Жм, 02/07/2020 - 13:17
Жаңалықтар

Ағымдағы жылдың 6 ақпан күні Қазақ ұлттық аграрлық университетінде өткен «Парасаттылық – ізгіліктің белгісі» халықаралық жастар форумы аясында профессор Джо Гю Юн бастаған Оңтүстік Кореялық  IMEI Халықаралық ментальды-ағартушылық орталығының мамандары жастарға волонтерлік қызмет туралы, адамгершілік, ізгілік құндылықтарын сақтап, дамыту жайында арнайы семинар-тренинг өткізді.

Семинар-тренингте доктор Джо Гю Юн еріктілер қозғалысы бойынша өз тәжірибесімен бөлісті. Джо Гю Юн мырза семинар-тренингтерін жоғары деңгейде өткізетін, интеллект дамыту бойынша белгілі ғалым. Оның инновациялық бағдарламалары басқарудың барлық деңгейі бойынша жоғары ұсынысқа ие. 

Семинар-тренингтен кейін Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры, академик Тілектес Есполов шетелдік әріптестермен кездесу өткізді. Жиынға IMEI Халықаралық ментальды-білім беру орталығының Орталық Азиядағы, Қырғызстан, Өзбекстан елдеріндегі, Алматы қаласындағы өкілдері, ҚазҰАУ-дың оқытушы-профессорлар құрамы қатысты. Ректор Тілектес Исабайұлы еліміздегі еріктілер жылы аясындағы университетімізде ұйымдастырылған «Парасаттылық – ізгіліктің белгісі» халықаралық ерікті жастар форумының маңыздылығына тоқталып, оны жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан IMEI Халықаралық ментальды-білім беру орталығының өкілдеріне алғысын білдірді. 
Қазақ ұлттық аграрлық университеті көп жылдан бері Оңтүстік Корея еліндегі университеттермен, ғылыми, шығармашылық орталықтармен  тығыз байланыс орнатқан. Университетімізде Қазақстан-Корея бірлескен инновациялық орталығы жұмыс жасайды. Жыл сайын бізге Кореядан мықты эскперт-ғалымдар, оқытушылар мен студенттер келіп тұрады. 

Оқу орыны оңтүстік Кореяның Сеул, Конкук, Кенгбук, Чонбук, Вонкванг, Кенгхи университеттерімен ғылым-білім және волонтерлік бағдарламалары бойынша жан-жақты байланыс орнатқан. Біз жаңа білім, озық ғылым, технология саласымен қатар мәдениет пен өнер саласында тәжірибе алмасып келеді.

Кездесу барысында ҚазҰАУ мен Оңтүстік Кореялық  IMEI Халықаралық ментальды-ағартушылық орталығы меморандумға қол қойды.

Жиын соңында университеттің Ғылыми Кеңесінің шешімімен ҚазҰАУ мен Корея университеттері арасындағы білім, ғылым аясындағы қарым-қатынасты, ынтымақтастықты дамытуға сіңірген еңбегі үшін Тілектес Исабайұлы Джо Гю Юн мырзаға «Қазақ ұлттық аграрлық университетінің құрметті профессоры» атағын табыстады. 
 
Ақпарат көзі: https://www.kaznau.kz/page/news/?link=izgilik_darisi_1885&lang=kz