Сн, 02/29/2020 - 13:08
Жаңалықтар

Нұр-Сұлтан қаласында Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының​ ұйымдастыруымен​ «Инновациялық технологиялар – агроөндірістік кешеннің тұрақты дамуы» атты​ республикалық семинар​ өз жұмысын бастады.

«ҰАҒБО» КеАҚ «Аграрлық ғылымның тәжірибелік ықпалын арттыру және ауыл шаруашылығы саласын жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету арқылы Қазақстан Республикасының агроөндірістік кешенінің инновациялық дамуына ықпал ету» миссиясын негізге ала отырып​ өз қызметкерлеріне, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге​ еншілес ұйымдар базасы аясында диалог алаңын құру арқылы​ оқыту семинарларын өткізу бағдарламасын​ жасады, ал бұл компания қызметінің басты бағыттарының бірі – АӨК ғылыми және кадрлық әлеуетін арттыру мақсатына​ толығымен​ сай​ келеді.

Республикалық семинарға ҰАҒБО еншілес ұйымдарының басшылары, бас инженерлер мен агрономдар, жетекші ғалымдар, ауыл шаруашылығы​ тауарын өндірушілер, АӨК саласындағы қаржы институттары, агрономия және инженерлік факультеттердің жоғарғы курс студенттері қатысты.

«Инновациялық технологиялар – агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту» республикалық семинар бағдарламасы аясында​ келесі өзекті тақырыптар бойынша екі күндік курс өткізіледі: «Цифрландыру дәуіріндегі ауыл шаруашылығы машиналары паркі», «Syngenta – агробизнестегі әлемдік көшбасшы», «Қазақстандағы тұқымдарды қорғауға арналған өнімдер ассортименті. Тұқым өсіру шаруашылықтарына арналған жобалар​ —​ тұқымдарды өңдеуге арналған жабдықтарға қаржыландыру», «Қазақстан Республикасында дәнді дақылдардың өнімін басқарудың инновациялық тәсілдері: Альто Супер/Амистар технология», «Минералды тыңайтқыштар – жоғары өнімнің кепілі», «Сабақты қосымша қоректендірудің рөлі және олардың артықшылықтары», ​ «Селекциялық-тұқым шаруашылығы техникасы. Егуден жинауға дейін», «Тұқымдық материалды дайындау және сақтауға арналған техниканың даму тенденциясы».

Республикалық семинардың барлық қатысушыларына курстан өткенін растайтын сертификаттар беріледі.