Дс, 02/17/2020 - 15:01
Жаңалықтар

Егін шаруашылығы мен өсімдіктану ғылымы Қазақ ҒЗИ ғалымдарымен «СЫРҒАЛЫМ» тағамдық бағыттағы жалаңаш тұқымды сұлы сорты шығарылды.

Сорт авторлары – Б. С. Сариев, К. К. Жүндібаев, А. И. Әбуғалиева, И. В. Лоскутов, А. Ж. Баймұратов, М. Ж. Нұрпейісов.

«Сырғалым» сорты дүниежүзілік 14627 топтамасынан жеке сұрыптау жолымен жасалған.

· Түрі – Avena sativa Var. inermis, жаздық.

· Өсімдіктің өсетін мезгілі – 98 күн.

· 1000 дәнінің салмағы – 32,0-39,2 г.

· Дәндегі ақуыздың құрамы – 13,8 %

Сорт ерте көктемдік қатқаққа, жапырылуға тұрақты.

«Сырғалым» сорты Қазақстан Республикасында биылдан, яғни 2020 жылдан бастап Алматы, Ақмола, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында қолдануға рұқсат етілген  селекциялық жетістіктер мемлекеттік тізіліміне енгізілген.

«Сырғалым» сортының орташа өнімділігі – 43,9ц/га.