Ср, 02/12/2020 - 16:34
Жаңалықтар

Баян Шұрымбайқызы Әлімғазинова 1955 жылы Павлодар облысының Шарбақты кентінде дүниеге келді. 1977 жылы С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін химик мамандығы бойынша аяқтап, сол жылы В. Р.Вильямс атындағы Қазақ егін шаруашылығы ҒЗИ өсімдіктердің физиологиясы мен биохимия зертханасына жұмысқа қабылданды.

1983 жылдан 1987 жылға дейін ҚазЕШҒЗИ аспирантурасында сырттай білім алды. 1989-1998 жылдар аралығында биотехнология бөлімінде кіші ғылыми қызметкерден бастап бөлім меңгерушісіне дейін жұмыс атқарды. 1998 жылғы желтоқсаннан 2001 жылға дейін Қазақ егін шаруашылығы ҒЗИ күндізгі оқу докторантурасында білім алды. 2010 жылы 06.01.05. – Селекция және тұқым шаруашылығы мамандығы бойынша «Генетикалық қорларды қалыптастыру және олардың арпа селекциясында қолданылуы» тақырыбында докторлық диссертацияны қорғады.

Қызметтік жолы. 2001 жылдан 2002 жылға дейін ғылыми хатшы – ҚР БҒМ Аграрлық зерттеулер ұлттық академиялық орталығының өсімдік зерттеу ғылымы бөлімінің кеңесшісі. 2002-2004 жылдары – ҚР АШМ Ғылым департаментінің егін шаруашылығы мен өсімдік зерттеу ғылымы бөлімінің бастығы, 2004-2006 жылдары – ҚР АШМ Ғылым департаментінің директор орынбасары. 2006 жылдан 2009 жылға дейін – басшы орынбасары, АӨК дамыту стратегиясы және аграрлық ғылым департаменті Аграрлық ғылым, жоғарғы оқу және АӨК инновациялық камтамасыз ету басқармасының бастығы, ҚР АШМ Ғылым департаментінің директоры. 2009 жылы – ҚР АШМ  «КазАгроИнновация» АҚ Президенті. 2010 жылы – Егін шаруашылығы мен өсімдік зерттеу ғылымы ҚазҒЗИ егістік дақылдар генофондының зертханасында жетекші ғылыми қызметкер. 2011-2014 жылдарда «КазАгроИнновация» АҚ Департаментінің директоры.

Баян Шұрымбайқызы ҚР Үкіметі қарауындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссиясының, ҚР АШМ Ғылыми-техникалық кеңесінің, ҚР БҒМ Ұлттық биотехнологиялық орталығының ҒТК мүшесі бола тұрып, ҚР АШМ бұйрығына сәйкес – а/ш өсімдіктердің генетикалық қорлары бойынша қазақстандық үйлестірушісі. ҒЗТҚЖ бойынша жобалар және Дүниежүзілік банк жобалары шеңберінде ауыл шаруашылығы саласындағы жаңартпалары бойынша сарапшы.

Б. Әлімғазинова ҚР Конституция күнінің 10 жылдығына орай медальмен, ҚР АШМ құрмет грамотасымен, ҚР Тәуелсіздігінің 20-жылдығы медалімен; аграрлық ғылым саласындағы үздік жүмыстар үшін А. И. Бараев атындағы сыйақысының иегері, халықаралық ынтымақтастықтағы үлесі үшін ХАШЗКТ грамотасымен марапатталған.