Бс, 12/24/2020 - 18:54
Жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің 2020 жылғы өңірлік аумақтық инспекцияларының жұмыс қорытындылары бойынша кеңес өткізді.

Кеңес барысында АӨК МИК төрағасы Алмабек Марс инспекцияның фитосанитарлық іс-шаралары мен бақылау-инспекциялық жұмысының нәтижелері туралы айтып берді. Сондай-ақ, облыстық аумақтық инспекция басшылары баяндама жасады.

Уақытылы және сапалы жүргізілген қорғау іс-шараларының нәтижесінде соңғы жылдары шегірткелердің таралу алаңы 3 есеге, карантиндік объектілермен залалданған алқаптар 2 есеге азайды.

Сондай-ақ, жиында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және оның алдын алу мәселелері қаралды.

Кеңес қорытындысы бойынша Комитет алдына 2021 жылға тиісті міндеттер қойылды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 9 қарашадағы және 3 желтоқсандағы Жарлықтарына сәйкес Ауыл шаруашылығы министрі Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің бірқатар қызметкерлерін мемлекеттік және мерейтойлық наградалармен марапаттады.

Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Лавр Хайретдинов «Құрмет» орденімен, Панфилов (Алматы облысы) және Құрманғазы (Атырау облысы) аудандық аумақтық инспекцияларының басшылары Абай Нұрымов пен Арман Құмарғалиев - «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Марат Шәкімов «Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.

Ақпарат көзі: https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/140025?lang=kk