Сс, 11/19/2019 - 21:43
Жаңалықтар

«А.И.Бараев атындағы АШҒӨО» ЖШС ғалымдарының еңбегі жемісін берді. АШҒӨО ғалымдары 2019 жылы шөптер бойынша, пайдалы модель және өнертабысқа патенттер алды.

Патенттер – А.И.Бараев атындағы АШҒӨО зияткерлік меншігі, қызметкерлердің ғылыми жұмысының нәтижесі болып табылады. Патент – жаңашылдыққа, ерекшелікке, біртектілік пен тұрақтылыққа ие селекциялық жетістік.

Ғылыми жұмыс нәтижелерін пайдалану жаңа сұрыптар мен жаңа технологияларды игеру мен енгізудің ғылыми-өндірістік циклын іске асыру болып табылады.

Атап айтқанда, Орталық келесідей шөптер бойынша селекциялық жетістіктерге патент алды: «Коралл» құмдауыт эспарцеті,​ «Фермерский» қылтықсыз арпабасы , «Бриз» сұр бидайығы , «Ақ таң» түйежапырағы, «Ника» судандық шөбі, сондай-ақ астық, бұршақ және майлы дақылдар – «Думан» жаздық сұлысы,​ «Өріс» егістік бұршағы, «Өсіріс» жаздық рапсы; пайдалы модельге патенттер –  «Азот тыңайтқышын енгізе отырып жаздық бидайды өсірудің әдісі»,

«Азот тыңайтқышын енгізе отырып майлы зығырды өсірудің әдісі», өнертабыстарға патенттер –  «Өнімді ауыспалы егістерде майлы зығырды өсірудің әдісі», «Өнімді ауыспалы егістерде жаздық сұлыны өсірудің әдісі».