Дс, 04/20/2020 - 11:33
Жаңалықтар

Ағылшын тілі қашықтан оқытылуда

Бүгінгі күні әлемді жайлаған індеттен сақтану мақсатында  қазақстандықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар туралы қаулыға байланысты Төтенше жағдай мен карантин кезеңінде Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ұстаз-ғалымдарына ағылшын тілі курсы бойынша «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын іске асыру қашықтан жүргізілуде.

Жоба аясында қызметкерлер мен ғалымдарды ғылыми-технологиялық дамудың басым бағыттары бойынша ағылшын тіліне қашықтан оқыту бастапқы белгіленген кестеге сәйкес өтуде.

Сабаққа қатысуды білім беру орталығының әкімшілігі күн сайын бақылайды және электрондық ведомостердің көмегімен тіркеледі. Жобаны іске асыру 2020 жылдың маусым айында аяқталады деп жоспарлануда.
IELTS тапсыру ағымдағы жылдың шілде айына белгіленген.

Еске сала кетейік, 2018 жылдың желтоқсан айында Қазақ ұлттық аграрлық университетінің Бизнес жобаларды коммерцияландыру бөлімі БҒМ Ғылым комитеті жариялаған «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы бойынша арнайы грант ұтып алған болатын.

Мұндағы мақсат – ғалымдар мен университет қызыметкерлеріне ағылшын тілін оқыту арқылы олардың инновациялық жобаларды коммерцияландыру бағытында шетелдік әріптестерімен тәжірибе алмасуын, шетелдерде өз біліктіліктерін арттыруын, технологияларды трансферттеп, старт-ап жобаларды жүзеге асыруына мүмкіндіктер беру.
 
 


ҚазҰАУ Бизнес жобаларды
коммерцияландыру бөлімі

Ақпарат көзі: https://www.kaznau.kz/page/news/?link=agylshyn_tili_kashyktan_okytyluda_2001&lang=kz