Бс, 03/14/2024 - 15:18
Жаңалықтар

Құрметті әріптестер және біздің серіктестер!

Көктемнің жылы лебімен келген бүгінгі Көрісу күнімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын!

Татулықтың, сыйластықтың белгісі 14 – наурыз «Амал» немесе «Көрісу» күні – қазақ халқының ертеден келе жатқан салт-дәстүрі. Бұл – елдің ырыс-ынтымағын арттыратын айрықша мейрам.

Мереке қарсаңында атқарып жатқан игі істеріңіз үшін шын жүректен үшін алғыс айтамын.  

Ендеше бүгінгі келіп жеткен мереке баршаңызға құтты болып, бірліктің белгісіне, татулықтың таңбасына айналған қастерлі мереке әр шаңыраққа жақсылық, ырыс, несібесін молынан ала келсін деп тілеймін!

 Бірбірімізбен тек амандықта көрісіп, ісіміз өрге жүзе берсін.

Құрметпен,

Бауыржан Қасенов