«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ
Факультеттер мен кафедралар саны: 9 факультет, 43 кафедра
Даярлау бағыттары мен мамандықтары: Оқыту үш деңгей – бакалавриат, магистратура және докторантура бойынша, 82 білім беру бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады (оның ішінде 27% — Ауыл шаруашылығы бейіні)
Ғылыми қызметі: 2013 жылдан бастап ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес ҚазАТУ халықаралық деңгейдегі аграрлық зерттеу университетіне айналуға кірісті.
Реформалаудың түпкі мақсаты Қазақстанда батыс үлгісіндегі алғашқы аграрлық зерттеу университетін құру болып табылады. Оның қызметі (1) басқарудың дербес моделі, (2) зерттеулердегі пәнаралық және кешенділік, (3) практикалық дағдыларға бағдарланған, икемді білім беру траекториясы, (4) технологияларды коммерцияландырудың кең құралы сынды озық қағидаттарға негізделетін болады. ҚазАТУ-ды реформалауда қолдау көрсетіп отырған Калифорния университеті, Дэвис (UC Davis, АҚШ) — әлемдегі жетекші аграрлық бейіндегі зерттеу университеті, онымен бірге жаңа стратегия әзірленді, жаңа білім беру бағдарламалары әзірленуде, ПОҚ үшін мамандандырылған тағылымдамалар ұйымдастырылуда. 2 ғылыми-технологиялық платформа – агроинженерия және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу құрылды, оның құрамында 2 зертхана, металл өңдеу және дәнекерлеудің тәжірибелік-эксперименттік цехы, конструкторлық бюро құрылды.
Халықаралық қызмет: әлемдік ғылыми-білім беру кеңістігіне интеграциялау мақсатында ҚазАТУ әлемнің 30 елінен: Германия, АҚШ, ҚХР, Ресей, Франция, Австралия, Малайзия, Чехия, Болгария, Беларусь республикасы, Италия, Финляндия, Түркия, Польша, Моңғолия және т.б. 70-тен астам ұйымдармен ынтымақтасады.
ҚазАТУ базасында екі халықаралық орталық құрылды: Қазақстан-Қытай ғылым және білім орталығы және Қазақстан-Беларусь инженерлік кадрларды даярлау және қайта даярлау оқу-өндірістік орталығы. Орталықтарды жарақтандыру үшін өтеусіз негізде 300 млн. теңгеден астам сомаға мүлік пен жабдық алынды.
2012 – 2015 жылдары әлемнің 22 елінен 105 шетелдік оқытушы қату – ға жекелеген курстарды оқытумен барды, қату-дың 235 оқытушысы шетелдік тағылымдамадан өтті (43 - "Болашақ"бағдарламасы шеңберінде). 167 пән бойынша оқыту ағылшын тіліне, 48 мамандық бойынша үш тілде оқыту (қазақ, орыс және ағылшын тілдері) енгізілді. Ағылшын тіліндегі пәндерді 99 оқытушы жүргізеді.
Жалпы ақпарат:
Оқытушылар саны-890 адам, дәрежелілігі-53% (472 адам), ғылым докторлары – 9,3% (83 адам).
Университетте оқитын студенттер саны:
- бакалавриат-9386 адам
– магистратура-630 адам.
- докторантура-48 адам.
Материалдық база: оқу алаңы-57694,9 м2
Оқу корпустары-11 дана.
Зертханалар – 24 дана.
Стадиондар саны – 1 дана.
Спорт залдар мен алаңдар саны -3 дана.
Қоғамдық тамақтану пункті-14 дана.
Медициналық пункттер саны -1 дана.
Жатақханалар саны – 7 дана.