«ҰАҒБО» КеАҚ — бұл Қазақстанның аграрлық саласының ғылыми-білім беру мекемелерінің мемлекет және бизнеспен тұрақты өзара әрекеттесуінің бірыңғай операторы, ғылыми-білім беру орталығы.
«ҰАҒБО» КеАҚ миссиясы - Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенінің инновациялық дамуына жәрдемдесу. Олардың қатарында: сұрыптардың өнімділігін арттыру үшін егін шаруашылығында инновациялық тәсілдерді енгізу, жаңа технологияларды апробациялау және енгізу үшін тәжірибе шаруашылықтарының негізінде демонстрациялық алаңдарды құру, Қазақстан Республикасының АӨК дамыту үшін отандық және шетелдік ғылыми-зерттеу әзірлемелерін жасау, аграрлық саладағы ғылыми ортаны нығайту және одан әрі дамыту.
Миссияны орындау үшін «ҰАҒБО» КеАҚ келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:
- Агроөнеркәсіп кешенінің ғылыми және кадр әлеуетін арттыру.
- Еншілес ұйымдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау.
- Мемлекеттік органдармен тиімді өзара әрекеттесу.
- Ауыл шаруашылығы саласының бәсекеге қабілеттілігі мен экономикалық тиімділігін арттыру, аграрлық ресурстар мен стандарттарды дамыту, аграрлық сектордағы инвестициялық және инновациялық белсенділікке ынталандыру мақсатында акциялары Қоғамға берілетін заңды тұлғаларды тиімді басқару.
- Педагогикалық қызметкерлердің, студенттердің бірлескен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрылымдық жұмыстарын ынталандыру.
- Тәжірибелі-конструкторлық жұмыс саласындағы халықаралық ынтымақтастықты, агроөнеркәсіптік кешендегі инновациялық сипаттағы іргелі және қолданбалы зерттеулерді дамыту, олардың коммерциялануы және Қазақстан Республикасында жүзеге асырылуы.
- Отандық тәжірибе-конструкторлық жұмыстарды, агроөнеркәсіптік кешеннің іргелі және қолданбалы зерттеулерін сыртқы нарықтарға алға жылжытуға жәрдемдесу.
- «ҰАҒБО» КеАҚ-ның және оның еншілес ұйымдарының қызметіне халықаралық стандарттарды енгізу.
- Ауыл шаруашылығына отандық және шетелдік инвестицияларды тарту.
- Заманауи өндірістік технологияларды енгізетін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін ынталандыру шараларын әзірлеу.
- Қазақстанның аграрлық ғылым мен білім деңгейін халықаралық сапа стандарттарына көтеру.
- Қазақстандық аграрлық ғылыми өнімдерді (сорттар, тұқымдар, технологиялар және т.б.) әлемдік және аймақтық нарықтарға жылжыту.
- Заманауи ғылыми әзірлемелерді және инновациялық технологияларды өндіріске енгізудің тиімді жүйесін құру.
- Аймақтық тәжірибе-эксперименталдық орталықтар желісін және білімді тарату орталықтарын құру.
- Бюджет қаражатын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету және бюджеттен тыс қаражат есебінен ғылыми әзірлемелерді бірлесіп қаржыландыру жүйесін құру.
- Әлемдік деңгейде аграрлық ғылым мен білім инфрақұрылымын құру және дамыту және оның дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету.