Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" КеАҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөліміне қош келдіңіз.

"ҰАҒББО" КеАҚ-дағы комплаенс-офицердің позициясы Қоғамның нақты бастамаларының негізінде құрылған. Ол міндетті реттеуші талаптардың және үздік халықаралық практиканың сақталуын, сонымен қатар сыбайлас жемқорлықты алдын алуды, ішкі ұжымдық мәдениетті қалыптастыруды, барлық қызметкерлер арасындағы ашықтық пен әділеттілікті қамтамасыз етуді көздейді. Бұл өз кезегінде Қоғам жұмысын халықаралық стандарттарға және ҚР ішкі саясаты мен заңнамасына сай жүргізуге толық мүмкіндік береді.   

Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бірыңғай Call-орталығы 1424 тегін нөмірі бойынша жұмыс жасайды. Осыған орай "ҰАҒББО" КеАҚ мен оның еншілес ұйымы қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлық фактісіне куә болған жағдайда бірден ақпарат беруіне болатынын  хабарлаймыз.

Сондай-ақ, Сіз төменде көрсетілген телефон нөмірі арқылы комплаенс-офицерге тікелей байланысқа шыға аласыз:

Рахимбаев Азамат Болатұлы  -  8(717)-2-72-86-25

Азаматтарды қабылдау әр сәрсенбі күні сағат 15.00-ден 17.30-ға дейін алдын ала жазылу бойынша жүзеге асырылады.

Құпиялылыққа толық кепілдік беріледі.

1