Агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру бүгінгі күні агроөнеркәсіп кешенінің серпінді дамуының кепілі болып табылады, ол Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауында агроөнеркәсіптік кешендегі еңбек өнімділігін және өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын 2,5 есеге арттыру жөніндегі мақсаттарына жетуге мүмкіндік береді.
АӨК-ті цифрландыру аясында А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы тәжірибелі егістіктерде нақты егіншіліктің озық инновациялық технологияларын енгізуде.
Нақты егіншілік элементтерін енгізу фермерлерге өндірістің тиімділігін айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді. Мұндай элементтерге мыналар жатады: егістіктің электрондық карталары, ауа райы туралы нақты деректер, датчиктер және сенсорлар, космониторинг және басқа шешімдер. Осындай технологияларды енгізу дифференциалды қолдану есебінен тыңайтқыштар мен қорғаныс құралдарын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді және ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін орташа есеппен 15% -ға арттырады. Министрлік тарапынан АӨК-тің негізгі бағыттары бойынша біліктілік орталықтарын құру жұмыстары жүргізілуде. Университеттердің, ғылыми-зерттеу институттарының және тәжірибелі шаруа қожалықтарының базасында осы технологияларды тиімді оқыту және тарату ұйымдастырылады.
А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығындағы тәжірибелік шаруашылықтар негізінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне арналған кезекті «Neo Nomad» іскерлік ойыны өтті. Ойынға фермерлік шаруашылықтардың 50-ден астам өкілдері, ғалымдар, аграрлық университеттердің студенттері, сондай-ақ нақты егіншілік саласында өнімдерін ұсынатын компаниялар, аудандық мемлекеттік құрылымдардың өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында цифрландыру агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік реттеудің төрт бағытын дамытудың негізгі құралы болатынын атап өтті: агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржыландырудың қолжетімділігі; нарықтардың болуы және экспортты дамыту; мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың тиімділігі; су және биоресурстарды тиімді басқару.
Аталған бағыттар агроөнеркәсіп кешеніндегі 101 мемлекеттік қызметті және онымен байланысты процестерді автоматтандыруды қамтиды.
Агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру бәсекеге қабілеттілікті және еңбек өнімділігін арттыруға, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және салаға инвестиция тартуға мүмкіндік береді. Жалпы алғанда, 2025 жылға дейін экономикалық тиімділік шамамен 40 млрд. теңгені құрайды.