Жм, 06/05/2020 - 11:45
Жаңалықтар

«Жас ғалымдар диалогы: Science Talks»

ІІ Халықаралық on-line форумы өтеді

 

2020 жылдың 10 маусымында сағат 14.00-де Қазақ ұлттық аграрлық университетінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры жанындағы Ғылым кеңесінің, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің, «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының» қолдауымен «Жас ғалымдар диалогы: Science Talks» ІІ Халықаралық on-line форумы өтеді.

Қазақ ұлттық аграрлық университетінің 90 жылдығына арналған iс-шараға әлемнің жетекші университеттерінің және ғылыми-зерттеу институттарының жас ғалымдары, зерттеушілері қатысады.

Форумның мақсаты – қазіргі заманғы аграрлық ғылым мен тәжірибенің өзекті мәселелерін шешу үшін жас ғалымдардың күш-жігерін біріктіру және шығармашылық белсенділігін дамыту. Ғылыми on-line форум аясында еңбек өнімділігін арттыруға және ауыл шаруашылығы саласын тұрақты дамытуға көмектесетін зияткерлік сандық шешімдер қарастырылады.

Агроөнеркәсіптік кешенді (АӨК) цифрландыру қауіп-қатерді төмендетуге, климаттың өзгеруіне бейімделуге, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін және жануарлардың өнімділігін арттыруға, жаңа агротехнологияларды әзірлеуге және енгізуге мүмкіндік береді.

Форум барысында жас ғалымдар өз елдерінің АӨК инновациялық даму идеяларын, аграрлық нарықты интеграциялаудың жағдайы мен перспективаларын, Ауыл шаруашылығын тұрақты азық-түлікпен қамтамасыз ету мен әлеуметтік-экономикалық дамытуды, сондай-ақ қоршаған ортаны сақтау мен биоресурстарды ұтымды пайдалануды қарастырады.

Жас ғалымдар мен форумға қатысушылар зерттеулердің осы бағыттарында айтарлықтай жетістіктерге ие, олар жинаған нәтижелер АӨК проблемаларын табысты шешуге ықпал етеді.

Форум жұмысына ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры  өкілдері, 20 мемлекеттен жас ғалымдар мен сарапшылар қатысады: Қазақстан, Албания, Армения, Ауғанстан, Беларусь, Ұлыбритания, Венгрия, Германия, Канада, Колумбия, Қырғызстан, Малайзия, Польша, Ресей, Италия, АҚШ, Түркия, Өзбекстан, Украина және Оңтүстік Корея.

Форум тәжірибемен және нәтижелермен, өзекті ақпаратпен алмасу алаңы болып, жас ғалымдардың өзара тығыз байланысуына ықпал етеді.

Кез-келген маман мен ізденуші Форумға қосылуға, пікірталасқа қатысуға және талқыланған тақырып бойынша сарапшыларға сұрақ қоя алады.