Жм, 03/20/2020 - 18:14
Жаңалықтар

2020 жылғы 19 ақпанда ҚР АШМ Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы КеАҚ (ҰАҒБО) Басқарма Төрағасы мен «CERES GmbH» (Германия) компаниясы арасында келіссөз өткізілді. «CERES GmbH» компаниясы органикалық өнімнің сертификаттауын жүзеге асыратын ауыл шаруашылық, азық-түлік пен органикалық тоқыма салаларында дүниежүзілік сертификаттау органы болып табылады. «CERES GmbH»  ЕО, АҚШ, Жапония мен Қытай аумақтарында акредиттіленген және бұл елдердің ұлттық заңдары мен стандарттарына сәйкес сертификаттауды жүзеге асыруға құқығы бар.
Сертификаттау GLOBALGAP – тиісінше ауыл шаруашылық тәжірибелері стандарттары бойынша өткізіледі. Бұл сертификат бүкіл дүние жүзінде танылып, ауыл шаруашылық тәжірибелер бойынша ғаламдық серіктес болып табылады. CERES дүние жүзіндегі 60-тан астам елдерде клиенттері бар, сонымен қатар барлық 5 континенттің 40 елінде өз инспекторлар жүйесі бар. Компания Бавария федералды штаты, Нюрнберг ауданы, Хаппург қаласында орналасқан. Компанияны 3 менеджер басқарады: Д-р Бернхард Шульц, Ульрих Финдель мен Альбрехт Бенцинг. Тараптармен алғашқы болған  мүмкіндікте-ақ CERES өкілдері Қазақстанға келіп ҰАҒБО мен CERES арасында Меморандумға қол қойылатыны туралы бітімге келді. Сонымен қатар ҰАҒБО мен CERES қатысуымен бірге қазақстандық органикалық ауыл шаруашылық өнімдерін сертификаттауц бойынша кәсіпорын жасалатын болады. БК органикалық ауыл шаруашылық өнімі саласында қазақстандық заңнаманы жетілдіру бойынша нұсқаулықтарды өндіруде қатысатын болады. ҰАҒБО-ның «CERES GmbH» серіктестігі қазақстандық ауыл шаруашылық өндірушілеріне жан-жақты қолдауын жасайтын болады. Бүгінгі күнде дүниежүзілік нарықтарда бағалар мысалы қазақстандық агроэкспортының басты өнімі – дәнді дақылдарға 1 тоннасына 280 доллар шамасында құрайды. Қазақстандық аграрийлер олардан 150 доллар шамасында алады. Қалған 130 доллар – бұл Ресей аумағы, теңіздер арқылы тасымалдау шығындары. 
органика ретінде сертификатталған дәндіә дақылдар 400 АҚШ доллары шамасында бағаланады. Яғни қазақстандық фермерлердің тек қана астыққа қосымша кірісі жалпы алғанда жылына 1 млрд АҚШ доллар шамасында құрауы мүмкін. Рапс, зығыр мен басқа ауыл шаруашылық дақылдарға еуропалық елдер жағынан сұраныс өсімі бақылануда. 
Қазақстандық ауылшаруашылық өнімдер органикалық ретінде қарастырылады, өйткені егістіктер химиямен өңделмеген. Неміс жағы өтінішімен бірлескен кәсіпорын ҰАҒБО офистерінің бірінде орналасатын болады.