Бс, 12/03/2020 - 13:05
Жаңалықтар

2020 жылы 3-4 желтоқсанда Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті 90 жылдық мерейтойын атап өтеді. ҰАҒБО КеАҚ төрағасының м.а. А.Төреханов университеттің мерейтойына және V-ші Халықаралық Агротехнологиялық Саммиттің ашылуына арналған салтанатты жиынға қатысты.

Саммит «Экономиканың жаһандануы жағдайында агроөнеркәсіптік кешеннің инновациялық дамуы» тақырыбында 3-4 желтоқсанында өтеді.

V-ші Халықаралық Агротехнологиялық Саммиттің отырысы 2020 жылғы 4 желтоқсанда 8 панельдік сессиялардың аясында өтеді. Саммитке онлайн режимде АҚШ, Еуропа және Азия -Тынық мұхиты аймағының 54 елінен 223 спикер қатысады.

Пленарлық және панельдік сессияларда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісі комитеттерінің төрағалары, министрліктер мен ведомстволардың, жергілікті атқарушы органдардың басшылары, шетелдік елшіліктер мен консулдықтардың, 15 халықаралық қауымдастықтардың, 50 қоғамдық ұйымдардың өкілдері, алыс шетелдердің 180-нен астам жетекші жоғары оқу орындарының, ғылыми зерттеу институттары мен ғылыми орталықтарының ректорлары мен басшылары, халықаралық сарапшылар, танымал ғалымдар, ауыл кәсіпкерлері, түлектер, студенттер, магистранттар, докторанттар сөйлейді. Саммит кезінде Нұрсұлтан Назарбаев қорының қолдауымен «Жас ғалымдардың диалогы» халықаралық форумы өтеді.

Саммиттің мақсаты - агроөнеркәсіптік кешеннің инновациялық дамуына ықпал ету. Бұл 3000-нан астам жетекші ғалымдар мен мамандардың қатысуымен аграрлық ғылымды, білім мен өндірісті тығыз интеграциялау үшін ең жақсы диалог алаңы.

Саммит жұмысы агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың көптеген тақырыптарын қамтиды. Шетелдік және отандық сарапшылардың сөздері азық- түлік, биологиялық және ветеринарлық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге; ауылшаруашылық өндірісін цифрландыру; жер, су, орман ресурстарын тиімді пайдалану; ауыл шаруашылығын жүргізудің инновациялық технологияларына; АӨК салаларын әртараптандыру; агробизнесті қолдаудың тиімді экономикалық және құқықтық құралдарын, атап айтқанда коронавирус пандемиясы аясында енгізуге; сонымен қатар қазіргі экономикалық жаһандану жағдайында ғылыми-зерттеу және оқу-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру және т.б. арналған.

Саммит бағдарламасы және панельдік сессияларға қосылуға арналған сілтемелер университет сайтында орналастырылған.

Саммиттің жалпы отырысына қосылуға сілтеме ZOOM платформасында: https://us02web.zoom.us/j/8289947577?pwd=MHY1K2ZBMm53WlkwVjlTTTdKamJWdz09. Конференцияның жеке куәлігі: 828 994 7577. Кіру коды: 485794