Бүгін Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы (ҰАҒБО), Агромашхолдинг және КарАгроМаш фермерлерді ауылшаруашылық техникалармен және жабдықтармен қамтамасыз ету бойынша ынтымақтастық жайлы және бірлескен қызмет туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы ҰАҒБО баспасөз қызметінен хабарлады.
«Бұл келісім ҰАҒБО -ның ғылыми-ақпараттық қолдауымен қазақстандық компаниялар шығарған (АгроМашХолдинг) шағын техникалық құралдармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру арқылы ұсақ фермалар мен жеке шаруашылықтарды жарақтандыру деңгейін арттырады», - деді Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының басшысы Толеутай Рахимбеков.
Аталған келісім бойынша LOVOL сауда маркасының тракторларын, оларға тіркелетін және бекітілетін жабдықтарды сату мақсатында үш тараптың бірлесе әрекет етулері қарастырылған. Сондай-ақ, еңбеккерлерге ғылыми және ақпараттық ұсыныстар мен кеңес беру қызметтері ұсынылады.
Жабдықтарды кепілдікке беру мен сатудан кейінгі қызмет көрсетуді Агромашхолдинг KZ, КарАгроМаш өз мойнына алып, жауап береді.
Сонымен бірге Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы ғылыми және ақпараттық сипаттағы қызметтерге жауап береді, олар: кеңес беру қызметтері, ғылыми және практикалық семинарлар жүргізу.
ҰАҒБ Орталығының мәліметінше, олардың 14 еншілес компаниясы бар және солар арқылы 103 бірлік ауылшаруашылық техникалары мен агрегаттар алынатын болды.
Бұл келісім қол қойылған күннен бастап күшіне енді және құжат 2025 жылдың 31 мамырына дейін жарамды болып табылады.
Ақпарат көзі: https://eldala.kz/kz/novosti/selhoztekhnika/1174-melkim-fermeram-i-lph-pomogut-vooruzhitsya-selhoztekhnikoj