Жм, 11/08/2019 - 20:32
Жаңалықтар

Төлеутай Рахымбеков бастаған «ҰАҒБО» КеАҚ басшылығы Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының (АҚИҰ) өкілдерімен кездесті.

фото

Келіссөздер барысында аталған ұйымға қатысушы елдер үшін ғылыми-технологиялық орталық құру, өңірлік және халықаралық бағдарламаларды ұйымдастыру, сондай-ақ Орталық Азия мен Кавказ елдері үшін тренингтер мен семинарлар өткізу туралы келісімге уағдаласты. Сондай-ақ, ҰАҒБО қолдауымен АҚИҰ базасында ғылыми-білім беру орталықтарын шоғырландыру мәселелері талқыланып, бірқатар іс-шараны бірлесе ұйымдастыру, оның ішінде азық-түлік қауіпсіздігі бойынша өңірлік деңгейдегі түрлі ғылыми-зерттеу конференцияларды өткізу қарастырылды. Бұдан әрі еліміздің аграрлық ЖОО-лары базасында азық-түлік қауіпсіздігі факультетінің болашақта ашылу мүмкіндігі талқыға салынды. Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қоюға келісіп, осының негізінде 2020 жылға дейін іске асыру жоспарын әзірлеуге келісті.

фото

Айта кетерлік жайт, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымына әлемнің 34 елі кіреді. Ұйымның қызметі оған мүше мемлекеттерде ауыл шаруашылығын тұрақты жүргізу, ауылдық аймақтарды дамыту, азық-түлік қауіпсіздігі бойынша сараптамалық білім мен техникалық ноухау ұсынуға, сондай-ақ жалпы ауыл шаруашылығы саясатын әзірлеуге және жүзеге асыруға бағытталған.

фото