2021 жылдың 14 шілдесінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі Мемлекеттік инспекциясы комитетінің Түркістан облысы Қазығұрт ауданы бойынша аумақтық инспекциясы «Қарабау» тәжірибелік-өндірістік шаруашылығы» ЖШС-не қарасты Қарабау ауылдық округінің Жұмысшы елді мекенінде орналысқан 61 га мақсары дақылдарында карантиндік арамшөп «Жатаған кекіре» анықталғаны және Қазақстан Республикасының қолданыстағы өсімдіктер қорғау карантині саласындағы заңнамаларының нормаларына сәйкес осы дақылдарды химиялық жолдарымен өңдеу қажеттілігі туралы ұйғарым ұсынылған болатын.
Осыған байланысты, көрсетілген дақылдар бойынша ағымдағы жылдың 15-17 шілдесі аралығында Серіктестік «Ураган форте» селективті емес гербицидімен жер үсті химиялық өңдеуді жүргізді.
2021 жылдың 25 шілдесінде Серіктестік Теринспекцияға аталған дақылдарды химиялық өңделгені жөнінде жүргізілген жұмыстардың бейнежазбасы қоса тіркелген арнайы хат жіберілді, содан кейін 2021 жылдың 2 тамызында карантиндік инспектормен Серіктестік мамандары бірге отырып, химиялық өңдеуден өткен өсімдіктерге екінші бақылау жүргізді.
Қайта бақылау қортындылары барысында гербицидпен химиялық өңдеу карантиндік өсімдіктерге әсер етпегені және оның тиімді болмағаны анықталды.
Осыған орай, карантиндік арам шөптердің одан әрі таралуын болдырмау мақсатында, уәкілетті органдардың мамандарымен және «Оңтүстік-Батыс мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС мамандарымен бірлесе отырып, мақсары орылғаннан кейін жерді терең жырту жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туралы шешім қабылданған болатын.
Бұл ретте, Серіктестік мамандары Жұмысшы елді мекенінің тұрғындарына бақша дақылдарына да, далалық дақылдарға да, адамдар мен жануарларға қатысты да карантиндік арамшөптердің қауіптілігі мен агрессивтілік дәрежесі туралы түсіндірме берілді.
Агрессивті карантиндік өсімдіктердің пайда болуы түр қауымдастығы құрылымының өзгеруіне әкеліп соқтырады, сонымен қатар ауыл шаруашылығы дақылдары мен бау-бақша дақылдарының дамуына, патогенді микрофлораның, зиянкестер мен аурулардың таралуына әсер етеді. Агротехника шараларының төмен дәрежеде жүргізілгендігінен, арамшөптер егіннің барлығын дерлік құртады. Карантиндік арамшөп өсімдіктерінің кейбір түрлері жануарлар үшін өте улы. Осындай өсімдіктер қоныстанған алқаптарда мал жаю кезінде олардың уланғаны байқалады. Адамдар үшін негізгі зиян келтіретін, әр түрлі ауырлық дәрежесіндегі аллергиялық көріністер болып саналады.
Осылайша, егістіктерді карантиндік арам шөптерден толық тазарту мақсатында, Серіктестік химиялық және механикалық күрес әдістерін қолданумен қоса, барлық қажетті агротехникалық шараларды жүргізуге мәжбүр болады.
Өздеріңіз білетіндей, карантиндік арам шөптердің көпшілігін жануарлар жемейді, сондықтан олар жайылған шабындықтар мен жайылымдар өнімсіз болып қалады, ал арам шөптерге қарсы күресу, оның ішінде карантиндік шараларды Қазақстан Республиканың аумағында рұқсат етілген гербицидтерді қолданылғанда, олардың таралуын тежейін болады.