Дс, 06/22/2020 - 01:00
Жаңалықтар

2020 жылы 20 маусымда Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының мамандары 019 бағдарлама аясында Түркістан қаласының ауыл шаруашылық белдеуінде екінші орым алдында жоңышқа дақылының шығымдылығын анықтады.

21 маусымда көрсетілім теліміндегі жүгері алқабында американдық TL жаңбырлатқыш қондырғысын пайдаланып суару басталды.

Сонымен қатар институт ғылыми жетістіктерін Түркістан облысында өндіріске енгізу мақсатында «Ынтымақ Агро XXI» ЖШС егістігіне мониторинг жүргізілді.

Мәліметті институттың бас ғылыми қызметкері, б.ғ.к. Құдайбергенов М.С. және минеральдық қоректеру және топырақ агроэкологиясы бөлімінің меңгерушісі, а.ш.ғ.к. Хидиров А.Э. ұсынды.