Бүгін, Ақмая - жаңа, ақылды техника мен озық технологиялар алаңында (Шиелі ауданы) отандық Сыр Сұлуы сортына алғашқы орақ түсіру салтанаты өтті. Бұл жылғы үрдіске облыс әкімі Гүлшара Наушақызы арнайы ат басын тіреп "сыр сыйының" әлеуметімен танысты.
Сыр Сұлуы үйреншікті ресей сорттарынан қай жағынан болса да жергілікті жерге қолайлы. Әсіресе, вегетациялық өсімі су үнемдеуге мол әсерін тигізуде.
Сонымен қатар, су тапшылығына қатысты күріш ауыспалы егістігіне суды аз қажет ететін әртараптандыру дақылдарын 8 танапты егістікке орналастыруға арналған сорттарды институт ғалымдары көрмеге алып келді.
Ауыл шаруашылығының тасын төбеге домалатқан азаматтар бізде жетерлік. Су тапшылығы күрішшілердің де, бақташылардың да ойында, қаперден кетер емес. Аймақ басшысы осы мәселе төңірегінде және шаруалардың ұсыныстары бойынша жақын арада кеңейтілген басқосу ұйымдастыруына уәде берді.