Дс, 03/23/2020 - 14:49
Жаңалықтар

«Ө.О. Оспанов атындағы топырақтану мен агрохимия Қазақ ғылыми-зерттеу институты» ЖШС (ТмА ҚазҒЗИ) – «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ-ның еншілес ғылыми ұйымы. 
Ө.О. Оспанов атындағы ТмА Қаз ҒЗИ – топырақтық және агрохимиялық ғылым саласында фундаментал мен қолданбалы зерттеулер бойынша ҚР жетекші мекемесі. ТмА Қаз ҒЗИ ғалымдары топырақ пен топырақ жамылғысының қалыптасу заңдылықтарын зерттеу бойынша және олардың ГАЖ технологиялар негізінде бағалау жұмыстарын өткізеді. 
ТмА Қаз ҒЗИ топырақтанушыларының ірі ғылыми-зерттеу жобаларының бірі –2009-2011 жж. кезеңінде жүзеге асырылған  «Оңтүстік Қазақстан ауыл шаруашылық жерлерінің заманауи жағдайын бағалау».
Жоба шеңберінде мамандарымен Сырдария өзенінің сол жақ пен оң жақ жағалауларында көне аллювиал жазықтарында орналасқан суармалы сілемдерін қамтыған, сондай-ақ Батыстық Тянь-Шань тау беткейі жазығына ұштастырылған тәлімі егін шаруашылығы аймағын қамтитын Оңтүстік-Қазақстан облысы қарқынды ауыл шаруашылық қолданысындағы аймақтарының топырақ жабындысындысының заманауи жағдайы зерттелген. 
Өткізілген зерттеулер нәтижесінде бөлінген тестілеу аймақтары шектерінде (3* 300 мың. га) топырақтың қалыптасу негізгі заңдылықтары анықталды, сонымен қатар антропогендік әсер ету кезіндегі топырақтың ауысу ерекшеліктері зерттелді. Өткізілген далалық зерттеулер және өткенді шолатын мәліметтерді ескеру негізінде геоақпараттық технологияларды қолдануымен және ғарыштық түсіру материалдарын, сонымен қатар топырақ жабындысы тозуының картасын пайдалануымен бөлінген тестілеу алаңдарының заманауи электронды топырақтық картасы жасалды.