Мақта шаруашылығы ҚазҒЗИ-дағы көктемгі дала жұмыстары.
Мақта шаруашылығы Қазақ ғылыми-зерттеу институтының 121 га суармалы жерлеріне топырақтағы зиянды тұздардан толық қысқы шаймалауы өткізілген болатын.
Қазіргі кезде 15 наурыздан бастап топырақтың ылғалдығын сақтау үшін тырмалық жұмыстар өткізілуде.
Ағымдағы жылдың 5-6 сәуірінде егіс қарсаңында топырақты өңдеу бойынша агротехникалық жұмыстарды бастау жоспарлануда. Мақта шаруашылығы ҚазҒЗИ егіс қарсаңында топырақты өңдеу бойынша мерзімді жұмыстарын өткізу үшін заманауи жоғары өнімділік құрылғылармен қамтамасыз етілген.
Институтта жеткілікті жанармай мен қосалқы бөлімшектер қоры бар. Барлық техника, сондай-ақ сепкіш пен арнайы тракторлар егістік жұмыстарға дайын.
Осы жылда Мақта шаруашылығы ҚазҒЗИ мамандарымен 40 га жері ауыспалы егіс сызбасына сәйкес суармалы жоңышқамен сеуіп тасталған болатын, ал 6 гектарға жүгері салу жоспарлануда.
Институт ғалымдарымен «Түркістан аумағында суармалы жағдайда көктемгі егістік бойынша нұсқаулықтар» жасалды. Бұл нұсқаулықтар Түркістан аймағының мақташылары үшін оқыту семинарларында таратылды.
Ағымдағы жылда Институт тұқым өсіруші шаруалар мен фермерлерді бәсекеге қабілетті жергілікті аудандардың ішкі климаттық жағдайларына бейімделген М-4011 мен М-4017 мақта дәндерімен қамтамасыз етті.