Ауыл шаруашылығы министрлігі ҚХР-ға өнім экспорттауға құқығы бар Қазақстанның екі балық кәсіпорнына алғашқы онлайн ретроспективті тексеру жүргізілгенін хабарлайды
«Төре Тоғам» ЖШС (ШҚО) және «Жалғасбаев» ЖК (Түркістан облысы) балық өңдеу кәсіпорына онлайн-тексеруді ҚХР Бас кеден басқармасының сарапшылары мен ҚР АШМ өкілдері жүргізді.
Қытай тарапына балық өнімдерін зауыттарға жеткізуден бастап тұтынушыларға жөнелтуге дейінгі барлық технологиялық тізбе көрсетілді. Вирустардың таралуын алдын алу және сапасын бақылау бойынша шараларды сақтауға ерекше назар аударылды.
ҚХР Бас кеден басқармасы өкілдері қазақстандық кәсіпорындардың Қытайдың балық кәсіпорындарына қойылатын талаптарын және короновирус жағдайында азық-түлік кәсіпорындарына арналған ДДҰ ұсынымдарын сақталуына көз жеткізді.
Тексеру нәтижесінде Қытайдың Бас кеден басқармасы ҚХР-ға балық өнімдерін жеткізуді мақұлдады. Бұдан басқа, ынтымақтастықты кеңейту үшін Бас кеден басқармасы мен ҚР АШМ Балық бойынша ветеринарлық хаттамаға қол қоюға келісті. Бұл құжат қазақстандық балық өндірушілерге ҚХР-ға балық өнімдерінің көп түрін экспорттауға жол ашады.
Қазіргі уақытта 65 қазақстандық кәсіпорын балық өнімдерін Қытайға экспорттауға құқылы.
Бұған дейін хабарланғандай, коронавирус пандемиясы жағдайында, кәсіпорындардың шетелдік мамандармен көшпелі инспекциясын жүргізу қиын болған кезде, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ҚХР Бас кеден басқармасымен инспекцияны қашықтықтан жүргізудің алгоритмін келіскен болатын. Алғашқы онлайн-тексеруден 14 ет өңдеу кәсіпорны өтті.
Сонымен қатар, қыркүйек айының басында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының кеден басқармасы қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын жеңілдету мүмкіндіктерін қарастырды.
Қазіргі уақытта ҚР АШМ күшімен барлығы 576 қазақстандық кәсіпорын ҚХР Бас кедендік басқармасының тізіміне енгізілді, бұл оларға АӨК өнімдерін тұтынудың зор әлеуетіне ие Қытай нарығына кедергісіз отандық өнімдерді экспорттау құқығын береді.
Ақпарат көзі: https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/101842?lang=kk