Бүгінгі постта ҚазҒЗИ көрнекті ғалымдарының бірі, биология ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі Рахым Алмабекұлы Оразалиев туралы ақпаратпен бөліскіміз келеді.
Оразалиев Р.А. 1935 жылы Алматы облысының Қаскелең (қазіргі Қарасай) ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын 1960 жылы Алматы облысы Алакөл ауданы Ильич атындағы совхозда бас агроном болып бастаған.
1966-1969 жж. Бүкілодақтық селекциялық-генетикалық институтының (БСГИ, Одесса) аспирантурасында оқыды. 1989 жылы кандидаттық диссертациясын қорғап, сол институтта аға ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді, аталған жылы БСГИ-да биология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесіне диссертациясын қорғады.
1970 жылдан қазіргі уақытқа дейін оның еңбек жолы Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтымен байланысты. 1970-2010 жылдары дәнді дақылдарды селекциялау бөлімін басқарады және сонымен қатар Шығыс селекциялық орталығының басшысы болып табылады.
1990-1995 жж. Оразалиев Р. А. Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясында өсімдік шаруашылығы бөлімінің академигі, ал 1992 ж. ҚазАШҒА-ның толық мүшесі және оның вице-президенті болып сайланады. Оның ауыл шаруашылығы саласындағы еңбегін ерекше мойындау белгісі ретінде 1992 жылы Украина Ұлттық Ғылым академиясының шетелдік мүшелігі болып табылады, 1995 жылы ол ҚР ҰҒА-ның нақты мүшесі болып, ал 1998 жылы Россельхозакадемияның шетелдік мүшесі болып сайланады.
1995-2003 жж. Рахым Алмабекұлы Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ директоры болды, қазіргі уақытта ол дәнді дақылдар бөлімінің бас қызметкері болып табылады.
Шәкірттерімен бірге дәнді, дәнді-бұршақты және жемдік дақылдардың 160-тан астам сұрыптары құрылды, олардың 72-сі Қазақстан, Орта Азия республикалары мен Ресейде пайдалануға рұқсатталған. Олар жасаған 15 сұрпы ТМД елдерінде кеңінен өңделеді. Оның жетекшілігімен 56 ғалым кандидаттық және докторлық атағын қорғап ғылыми дәреже алды.
Ол селекция, генетика, өсімдік шаруашылығы, физиология, иммунитет, биотехнология, агроэкология, клеткалық селекция және гендік инженерияның өзекті мәселелері бойынша 700 ғылыми жұмыс басып шығарды.
Бидай селекциясы саласындағы жоғары ғылыми жетістіктері үшін «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет Белгісі» ордендерімен, «Еңбегі үшін» медалімен, Н. Ә. Назарбаевтың атаулы медалімен, академиктер Н. И. Вавилов, П. П. Лукьяненко, Ф. Г. Кириченко, 2 алтын, 2 күміс және 3 қола медальдарымен марапатталған. 1998 жылы оған «ҚР Еңбек сіңірген қызметкері» атағы берілді. Академик В.Н. Ремесло атындағы Халықаралық Сыйлық және медаль иегері, Академик Бараев пен И. А. Синягина атындағы медальдар иесі – «Бидай селекциясы саласындағы аса зор еңбегі үшін» және «Құрмет» орденінің марапат иегері.
Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарының Құрметті азаматы.