Сн, 11/28/2020 - 16:41
Жаңалықтар

Қазақстан және Моңғолия елдері сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 8-ші отырысын өткізді. ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов өзінің Facebook парақшасында аталған келіссөз жайлы жазды.

Қазақстан Моңғолияға рапс, майлы дақылдар, темекі, нан, ұн және кондитерлік өнімдер, йогурт, айран және майсыз кілегей экспорттайды. Сауда министрлігінің мәліметінше, 2019 жылы өзара сауда айналымы $60 млн. болған. Енді пандемияға байланысты одан да төмен болуы мүмкін. Сонымен бірге Қазақстан Моңғолиямен ынтымақтастық шараларын кеңейтуге мүмкіншілігі жеткілікті.

Атап айтқанда, іскерлік байланыстар орнатуға, бизнес мүмкіндіктері туралы ақпарат алмасуға және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға жақсы орын болып табылатын қазақ-монғол іскерлік кеңесін құру жоспарлануда.

«Айта кетерлік жағдай, кооперация бойынша жақсы жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта жалпы сомасы $52,6 млн құрайтын «Алыс жайылымдықтарда қой өсіруді дамыту үшін мега-ферма құру» (Qazaq Steppe Sheep ЖШС) үлкен жобасы жүзеге асырылуда. Тағы екі жоба жоспарланып отыр: «Ферросиликоалюминий» қорытпасын шығаратын зауыттың құрылысы» және «Ветеринарлық дәрі-дәрмектер өндірісі және мал дәрігерлерін оқыту орталықтарын құруға» қатысты», - деді Бақыт Сұлтанов.

Ол сонымен қатар, ковидке байланысты күрделі жағдай аяқталғанын және мемлекеттер іскерлік ынтымақтастықты кеңейтуге арналған жаңа құралдарды іздеуге кірісіп жатқанын атап өтті.

Ақпарат көзі: https://eldala.kz/kz/novosti/kazahstan/3429-kazahstan-s-mongoliej-zapustyat-proizvodstvo-veterinarnyh-preparatov