
Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ мен БҰҰДБ топырақтың тозуына қарсы бірлескен жобаны бастады
Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтына Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы өкілдері жұмыс сапарымен келді. Кездесудің мақсаты – егіндік жерлерді құнарландыруға бағытталған халықаралық жоба аясында ынтымақтастықты талқылау.
2029 жылға дейін жүзеге асырылатын жоба аясында топырақ құнарлығын қалпына келтіру, орнықты агротехнологияларды енгізу және көпжылдық шөптердің тұқым шаруашылығын дамыту жоспарлануда. Люцерна, эспарсет және көпжылдық дәнді шөптерді өсіру мәселесіне ерекше назар аударылды.
Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ жобаны сапалы тұқыммен қамтамасыз етуге дайын екенін мәлімдеді. Алайда, институт төрайымы Шолпан Бастаубаеваның айтуынша, ғалымдардың рөлі тек тұқым жеткізумен шектелмеуі тиіс:
«Тұқым – қиын мәселе емес. Ең бастысы – біздің ғалымдар зерттеуші ретінде жобада белсенді қатысуы қажет», – деді ол.
Кездесу барысында жобаға еліміздің басқа да өңірлерін тарту және халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайту мәселелері қаралды.
Сондай-ақ, Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ жобаға белсенді атсалысуға дайын екенін және қажетті ғылыми-техникалық базасы бар екенін мәлімдеді.