Сн, 12/05/2020 - 15:03
Жаңалықтар

3-4 желтоқсан күндері Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті жоғары оқу орнының 90 жылдығына арналған «Экономикалық жаһандану жағдайында АӨК-нің инновациялық дамуы» тақырыбында V Халықаралық Агротехнологиялық Саммит өткізді.

Оның жұмысына АҚШ, Еуропа және Азия-Тынық мұхит аймағының 55 елінен 258 спикер қатысты.

3 желтоқсанда пленарлық сессияда 70 спикер сөз сөйледі: ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісі комитеттерінің төрағалары, министрліктер мен ведомстволардың, жергілікті атқарушы органдардың басшылары, Қазақстандағы шетелдік елшіліктер мен консулдықтардың, халықаралық қауымдастықтардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, жақын және алыс шетелдердің жетекші университеттерінің, ғылыми-зерттеу институттары мен ғылыми орталықтарының ректорлары мен басшылары, көрнекті ғалымдар, ауыл кәсіпкерлері, түлектер.

4 желтоқсанда 8 панельдік сессияда 188 спикер сөз сөйледі. Панельдік сессияларда ҚР АШМ, БжҒМ ҒЗИ директорлары және Қазақстан Республикасының жетекші ғалымдары модераторлар болды.

АӨК дамыту бойынша тақырыптардың кең ауқымы талқыланды: ауыл шаруашылығын жүргізудің инновациялық технологиялары; коронавирустық пандемия жағдайында агробизнесті қолдау бойынша тиімді экономикалық және құқықтық құралдарды енгізу; азық-түліктік, биологиялық және ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету; ауыл шаруашылығы өндірісін цифрландыру; жер, су, орман ресурстарын тиімді пайдалану; АӨК салаларын әртараптандыру; экономиканың жаһандануының қазіргі жағдайында ғылыми-зерттеу және оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және т. б.

Саммит жұмысына барлығы 2000-нан астам адам қатысты.

Қорытынды сессияда саммит жұмысы түйінделді. Саммиттің қарарлары мен ұсыныстары қабылданды, ол барлық қатысушыларға жіберіледі және университет сайтында орналастырылады.

Саммиттің мұндай форматы аграрлық ғылым, білім және өндірісті тығыз интеграциялауға бағытталған тамаша диалог платформасы болып табылды.